https://sputnik.kz/20250718/iisi-degen-sumdyq-bayan-alagozovanyn-synynan-keyin-qazavtozhol-video-zhariyalady-55747345.html
"Иісі деген сұмдық": Баян Алагөзованың сынынан кейін "ҚазАвтоЖол" видео жариялады
"Иісі деген сұмдық": Баян Алагөзованың сынынан кейін "ҚазАвтоЖол" видео жариялады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА,18 шілде – Sputnik. Продюсер Баян Алагөзова жол бойынан әжетхана табу қиын екенін, табылған күннің өзінде өте лас болатынын айтты, деп хабарлайды... 18.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-18T12:54+0500
2025-07-18T12:54+0500
2025-07-18T12:56+0500
әжетхана
жол
баян алагөзова
https://sputnik.kz/img/1208/12/12081284_0:9:1280:729_1920x0_80_0_0_57644ac576e549d6c3c14faa8d904ea8.jpg
АСТАНА,18 шілде – Sputnik. Продюсер Баян Алагөзова жол бойынан әжетхана табу қиын екенін, табылған күннің өзінде өте лас болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан."Жылайын ба, күлейін бе? 21 ғасыр. Былай қарасаң бай ел секілдіміз. Бірақ қарапайым дұрыс әжетхана жоқ. Мұны қалай түсінеміз. Сөз жоқ менде. Иісі деген сұмдық", - деп ашуланды продюсер.Жолды күтіп-ұстауға жауапты "ҚазАвтоЖол" компаниясы көп ұзамай видео жариялап, азаматтарды әжетхананы ұқыпты әрі дұрыс пайдалануға шақырды.Видеодан автобус жолаушыларының әжетхананың айналасында дәрет сындырып, қоқыс лақтырып жатқанын көруге болады.Компания әжетхананы ұқыпты әрі дұрыс пайдалануға, қоқысты еденге немесе сыртқа тастамауға шақырды."Әжетхананың айналасына дәрет сындыруға болмайды! Бұл жағымсыз иіс тудырып, айналадағы табиғатты ластайды және келесі адамдарға қолайсыздық тудырады", - деп түйіндеді компания мамандары.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1208/12/12081284_143:0:1280:853_1920x0_80_0_0_07650cfbaea81ecf9ce2dae1ec41d97a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әжетхана, жол, баян алагөзова
әжетхана, жол, баян алагөзова
"Иісі деген сұмдық": Баян Алагөзованың сынынан кейін "ҚазАвтоЖол" видео жариялады
12:54 18.07.2025 (жаңартылды: 12:56 18.07.2025) АСТАНА,18 шілде – Sputnik. Продюсер Баян Алагөзова жол бойынан әжетхана табу қиын екенін, табылған күннің өзінде өте лас болатынын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. "Павлодардан Астанаға бара жатырмыз. 250 шақырым жол жүріп әжетхананы әрең таптық. Жақындағаннан "жағымды" иіс шығып тұр", - деген Баян Алагөзова лас әжетхананың ішін көрсетті.
"Жылайын ба, күлейін бе? 21 ғасыр. Былай қарасаң бай ел секілдіміз. Бірақ қарапайым дұрыс әжетхана жоқ. Мұны қалай түсінеміз. Сөз жоқ менде. Иісі деген сұмдық", - деп ашуланды продюсер.
Жолды күтіп-ұстауға жауапты "ҚазАвтоЖол" компаниясы көп ұзамай видео жариялап, азаматтарды әжетхананы ұқыпты әрі дұрыс пайдалануға шақырды.
Видеодан автобус жолаушыларының әжетхананың айналасында дәрет сындырып, қоқыс лақтырып жатқанын көруге болады.
"Жол қызметкерлерінің күшімен әжетханалар күн сайын тазаланып, күтіп ұсталады. Әр бригада ондаған шақырымды жүріп өтіп, әр нүктені рет-ретімен тазалап шығады. Кейде бұл арақашықтық 40-50 шақырымнан асып жатады. Бір әжетхананы тазалап жатқанда, екіншісіне автобуспен адамдар келіп, санаулы минуттарда оның айналасын ластап кетуі мүмкін", - деп жазылған хабарламада.
Компания әжетхананы ұқыпты әрі дұрыс пайдалануға, қоқысты еденге немесе сыртқа тастамауға шақырды.
"Әжетхананың айналасына дәрет сындыруға болмайды! Бұл жағымсыз иіс тудырып, айналадағы табиғатты ластайды және келесі адамдарға қолайсыздық тудырады", - деп түйіндеді компания мамандары.