Әйелін ұрған экс-дипломат Сәкен Мамаш 6 жылға сотталды

© Photo : Pexels / Tima MiroshnichenkoӘйелін ұрған экс-дипломат Сәкен Мамаш 6 жылға сотталды
Әйелін ұрған экс-дипломат Сәкен Мамаш 6 жылға сотталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2025
Жазылу
Оның дипломатиялық рангы да қайтарылады
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Қазақстанның БАӘ-дегі елшіліктің бұрынғы кеңесшісі Сәкен Мамаш әйелін ұрғаны үшін 6 жылға сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгін Астананы соты экс-дипломатқа қатысты үкім шығарды.
"Мамаш Қылмыстық кодекстің 110 бабы (қинау, дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi не кiнәлi адамға материалдық немесе өзгедей тәуелдi адамға жасалған әрекет) бойынша кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.
Оның дипломатиялық рангы да қайтарылады.
Айта кетері, 2024 жылы мамырда Карина Мамаш видеоүндеу жариялап, 10 жылдан бері күйеуінен қорлық көріп келе жатқанын айтқан еді. Жұбайынан аяусыз таяқ жеген келіншек Қазақстанның билік органдарынан көмек сұрады. Көп ұзамай еліміздің сыртқы істер министрлігі Сәкен Мамашты дереу Қазақстанға қайтарып алатынын хабарлады. Биыл сәуір айында Сәкен Мамаш қамауға алынды.
Карина Мамаш - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2025
Экс-дипломат Сәкен Мамаш қамауға алынды
Жаңалықтар
0