https://sputnik.kz/20250718/almatyda-taudan-qulagan-zhasospirim-esinen-tanyp-qalgan-55745779.html
Алматыда таудан құлаған жасөспірім есінен танып қалды
Алматыда таудан құлаған жасөспірім есінен танып қалды
Sputnik Қазақстан
Оның иығы, шынтағы, жамбасы сынған, сондай-ақ омыртқасы зақымданған болуы мүмкін 18.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-18T11:34+0500
2025-07-18T11:34+0500
2025-07-18T11:34+0500
алматы
тау
https://sputnik.kz/img/317/30/3173064_0:877:1860:1923_1920x0_80_0_0_641e48605e204f0db010e7012bc2d32d.jpg
АЛМАТЫ,18 шілде – Sputnik. Алматы тауларында 15 метр биіктен құлаған жасөспірім құтқарылды, деп хабарлайды қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.Құтқарушыларға хабарлама 17 шілде сағат 16:50-де түскен.Оқиға орнына сағат 17: 05-те құрамында 5 адам, 1 техника бар "БАУ" бақылау-құтқару пунктінің экипажы аттанады.Жасөспірімдер Терешкова шыңында болған, сағат түнгі он шамасында құтқарушылар құлаған баланы тапқан.Жасөспірім № 1 қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Қасындағы екі серіктесіне де көмек көрсетіледі.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/317/30/3173064_0:703:1860:2098_1920x0_80_0_0_ee588b3ca29b20b4811fa7281741af04.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, тау
Алматыда таудан құлаған жасөспірім есінен танып қалды
Оның иығы, шынтағы, жамбасы сынған, сондай-ақ омыртқасы зақымданған болуы мүмкін
АЛМАТЫ,18 шілде – Sputnik. Алматы тауларында 15 метр биіктен құлаған жасөспірім құтқарылды, деп хабарлайды қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.
Құтқарушыларға хабарлама 17 шілде сағат 16:50-де түскен.
"17 жастағы үш жасөспірім Алматы тауларында жолдан адасып қалған. Өтініш берушілердің айтуынша, олардың бірі жартастан құлап, есінен танып қалған. Жасөспірімдердің координаты берілді", - дейді ведомство.
Оқиға орнына сағат 17: 05-те құрамында 5 адам, 1 техника бар "БАУ" бақылау-құтқару пунктінің экипажы аттанады.
Жасөспірімдер Терешкова шыңында болған, сағат түнгі он шамасында құтқарушылар құлаған баланы тапқан.
"Ол шамамен 15 метр биіктіктен құлаған. Оның иығы, шынтағы, жамбасы сынған, сондай-ақ омыртқасы зақымданған болуы мүмкін. Сол себепті жасөспірімді қолмен тасу мүмкін болмады. Жәбірленуші тікұшақпен эвакуацияланды", - дейді құтқарушылар.
Жасөспірім № 1 қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Қасындағы екі серіктесіне де көмек көрсетіледі.