Түркістан облысында лауазымды тұлғалар жауапқа тартылады - Бектенов тапсырма берді

© Photo : Үкіметтің баспасөз қызметіТүркістан облысында лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылады-Бектенов тапсырма берді
Түркістан облысында лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылады-Бектенов тапсырма берді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2025
Жазылу
Өңірде ылғалды көп қажет ететін дақылдарды рұқсатсыз егу, сондай-ақ суды заңсыз пайдалану фактілері анықталған
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов оңтүстік өңірлерді суармалы сумен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде жиын өткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметіне сәйкес, суармалы су көлемінің 98 проценті Жетісу, Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарына кетеді. Ол аймақтарда 1,2 млн га жер суарылады.
“Бекітілген жоспарға сәйкес, аталған өңірлерге биылғы суару маусымында 10,1 млрд текше метр су беру жоспарлануда. 15 шілдедегі жағдай бойынша әзірге 7 млрд текше метр су жұмсалған, вегетациялық кезеңнің соңына дейін тағы 3,1 млрд текше метр су берілмек”, - деді министр Нұржан Нұржігітов.
Оның айтуынша, Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды рұқсатсыз егу, сондай-ақ, оңтүстік өңірлерде суды заңсыз пайдалану фактілері бар. Премьер-министр ондай фактілерге жол бермеуді тапсырды. Ал ылғалды көп қажет ететін дақылдарды рұқсатсыз егуге жол берген лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады.
Хлопчатник  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2025
Мақта күйіп барады: Түркістан облысында диқандар дабыл қақты
Жаңалықтар
0