Тоқаев елорданы дамытуға бағытталған заңға қол қойды

© Photo : Astana International Forum 2023Тоқаев елорда мен басқа да қалаларды дамытуға бағытталған заңға қол қойды
Тоқаев елорда мен басқа да қалаларды дамытуға бағытталған заңға қол қойды - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2025
Жазылу
Сонымен қатар заңға ұлттық жобаларды дамыту, кәсіпкерлік және мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астананы және республикалық маңызы бар қалаларды, ұлттық жобаларды дамыту, кәсіпкерлік және мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Түзетулердің бірінші блогы елорда мен республикалық маңызы бар қалаларды дамытуға бағытталды.
Түзетулердің екінші блогы жер заңнамасының жекелеген мәселелерін реттеуді көздейді.
Түзетулердің үшінші блогы шетелдіктерді тіркеу институтын енгізу үшін қабылданды.
Түзетулердің төртінші блогы кеден мәселелерін реттеуге бағытталған.
Түзетулердің бесінші блогы өкілеттіктерді орталықсыздандыру, сондай-ақ нормаларды артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау үшін енгізіліп отыр.
Түзетулердің алтыншы блогы жылу, энергия және судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету үшін кезек күттірмейтін инфрақұрылымдық проблемаларды шешу мақсатында энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асырумен байланысты.
Түзетулердің жетінші блогы мемлекеттік аудит процесін жетілдіру үшін енгізілді.
Түзетулердің сегізінші блогы бағалау қызметі туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.
Тоқаев жаңа Салық кодексіне қол қойды - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2025
Тоқаев жаңа үш заңға қол қойды
Жаңалықтар
0