Тағы да сотталды: түзеу мекемесінен қашып кеткен тұтқынға қатысты сот үкімі шықты

© Sputnik / Тимур БатыршинТағы да сотталды: түзеу мекемесінен қашып кеткен тұтқынға қатысты сот үкімі шықты
Тағы да сотталды: түзеу мекемесінен қашып кеткен тұтқынға қатысты сот үкімі шықты - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2025
Жазылу
Ол бір жыл бойы іздеуде болған
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Жамбыл облысында түзеу мекемесінен қашып кеткен сотталушыға қатысты сот үкімі шықты.
Жамбыл ауданындағы түзеу мекемесінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жүрген азамат 2024 жылдың шілдесінде Таразға жұмысқа орналасу үшін жұмыс берушімен кездесуге барып келуге рұқсат алған.
Ол қызметкердің бақылауымен мекеме аумағынан шығып кеткен. Алайда жұмысқа тұру мәселесі шешілмегендіктен, түзеу мекемесіне қайта оралмауға шешім қабылдаған.
"Сотталушы таксимен автобекетке жетіп, Алматыдан бірақ шыққан. Сол жерде жасырынған. Бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген мерзімі 9 ай 17 күнді құраған. 2024 жылғы қыркүйекте халықаралық іздестіруге жарияланып, 2025 жылы мамырда Алматыда ұсталады", - делінген хабарламада.
️Сот үкімімен оған 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
0