https://sputnik.kz/20250717/sibir-zharasy-odan-ari-taralmau-ushin-ne-isteu-kerek-55704545.html
Сібір жарасы одан әрі таралмау үшін не істеу керек
Сібір жарасы одан әрі таралмау үшін не істеу керек
Sputnik Қазақстан
Академик Онищенко "ЕАЭО-дағы биоқауіпсіздік" тақырыбындағы бейнекөпір барысында журналистердің сұрақтарына жауап берді 17.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-17T13:04+0500
2025-07-17T13:04+0500
2025-07-17T13:04+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35385732_0:59:1280:779_1920x0_80_0_0_e97ea55b908fe5b992c94e995ffeb7a9.jpg
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Sputnik Қазақстан алаңында өткен Мәскеу-Минск-Астана-Бішкек-Ереван бейнекөпірі барысында Ресей ғылым академиясының академигі, Ресей білім академиясы президентінің орынбасары Геннадий Онищенко ЕАЭО құрамына кіретін Қазақстанда сібір жарасының таралуына алаңдаушылық білдірді.Осыған байланысты ресейліктер үшін саяхаттауға ешқандай шектеулер енгізілмейді. Бірақ, оның айтуынша, алдағы уақытта мұндай індеттің алдын алу үшін елдің Денсаулық сақтау министрлігі тиісті қорытынды шығаруы керек.Оның айтуынша, биологиялық қару ретінде пайдалануға болатын табиғи вирустар тізімінде ол бірінші орында тұр.Уақытында анықталмағанОның айтуынша, 8 жұқтыру фактісі өте көп. Әдетте 1-2 жағдай болады.Одан әрі таралмау үшін ауруға шалдыққан малды жою керек, яғни жай көміп тастамай, өртеп жіберу керек. Топырақтағы инфекцияны жою мүмкін емес.Бұған шаруалар кінәлі ме?Екінші жағынан, ауру сиырларды етке қасақана сойып жатқан шаруалардың өздері кінәлі дейді ол.Бұл мәселенің шешімі ретінде, оның айтуынша, шаруаларға жағдай жасау керек. Ол үшін біріншіден, мал қорымдарын қоршап, екіншіден, ірі қара малды сібір жарасына қарсы егу жұмыстарын қолға алған жөн.Ол инфекция түскен етті білмей сатып алған тұрғындарға оны ұзақ қайнатуды ұсынды. Сонымен бірге академик мұндай әрекетке дәрігерлер іс жүзінде тыйым салғанын және тек соңғы шара ретінде ұсынылатынын ескертті, өйткені инфекцияны жұқтыру мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35385732_82:0:1199:838_1920x0_80_0_0_3530b62dae6da58f11646d7af15576c2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
Сібір жарасы одан әрі таралмау үшін не істеу керек
Академик Онищенко "ЕАЭО-дағы биоқауіпсіздік" тақырыбындағы бейнекөпір барысында журналистердің сұрақтарына жауап берді
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Sputnik Қазақстан алаңында өткен Мәскеу-Минск-Астана-Бішкек-Ереван бейнекөпірі барысында Ресей ғылым академиясының академигі, Ресей білім академиясы президентінің орынбасары Геннадий Онищенко ЕАЭО құрамына кіретін Қазақстанда сібір жарасының таралуына алаңдаушылық білдірді.
Осыған байланысты ресейліктер үшін саяхаттауға ешқандай шектеулер енгізілмейді. Бірақ, оның айтуынша, алдағы уақытта мұндай індеттің алдын алу үшін елдің Денсаулық сақтау министрлігі тиісті қорытынды шығаруы керек.
"Осы мал қорымдарын қадағалап, ірі қара малды вакцинациялап, ауруға шалдыққан малдарды анықтау керек", - дейді академик.
Оның айтуынша, биологиялық қару ретінде пайдалануға болатын табиғи вирустар тізімінде ол бірінші орында тұр.
Оның айтуынша, 8 жұқтыру фактісі өте көп. Әдетте 1-2 жағдай болады.
"Бұл ветеринарлық қызметтің де, дәрігерлердің де өз жұмысын орындамағанын, дер кезінде анықтамағанын көрсетеді", - деп есептейді Онищенко.
Одан әрі таралмау үшін ауруға шалдыққан малды жою керек, яғни жай көміп тастамай, өртеп жіберу керек. Топырақтағы инфекцияны жою мүмкін емес.
Бұған шаруалар кінәлі ме?
Екінші жағынан, ауру сиырларды етке қасақана сойып жатқан шаруалардың өздері кінәлі дейді ол.
Бұл мәселенің шешімі ретінде, оның айтуынша, шаруаларға жағдай жасау керек. Ол үшін біріншіден, мал қорымдарын қоршап, екіншіден, ірі қара малды сібір жарасына қарсы егу жұмыстарын қолға алған жөн.
Ол инфекция түскен етті білмей сатып алған тұрғындарға оны ұзақ қайнатуды ұсынды. Сонымен бірге академик мұндай әрекетке дәрігерлер іс жүзінде тыйым салғанын және тек соңғы шара ретінде ұсынылатынын ескертті, өйткені инфекцияны жұқтыру мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды.