https://sputnik.kz/20250717/potsdam-konferentsiyasy-qupiya-materialdar-zhariyalandy-55705763.html
Потсдам конференциясы: құпия материалдар жарияланды
Потсдам конференциясы: құпия материалдар жарияланды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Ресейдің федералдық қауіпсіздік қызметі Потсдам конференциясына қатысты мұрағат материалдарын жариялады. Оның барлығы бұрын құпия... 17.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-17T13:33+0500
2025-07-17T13:33+0500
2025-07-17T13:33+0500
құпия ақпарат
берлин
мәскеу
https://sputnik.kz/img/07e9/07/11/55702472_0:50:1024:626_1920x0_80_0_0_18a15f6a747e8a93e825ce60850efc4b.jpg
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Ресейдің федералдық қауіпсіздік қызметі Потсдам конференциясына қатысты мұрағат материалдарын жариялады. Оның барлығы бұрын құпия мәліметтер болған.Сталин қай жерде орналастыМұрағат материалдарында Потсдам конференциясына қатысқан КСРО, АҚШ пен Ұлыбритания басшыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жайында жазылған. Мәселен, кеңестер делегациясы үшін 62 вилланы дайындаған. Ал Сталин бөлек екі қабатты үйде жатқан. Жалпы ауданы – 400 шаршы метр. Сол үйде 15 бөлме, ашық жазғы бөлме және мансарда болыпты. Ал конференцияның өзі немістің бұрыңғы ханзадасы тұрған қамалда өтті. Кеңестер делегациясы одан төрт шақырым шалғай жерде орналасты.Қауіпсіздік шараларына қанша адам тартылдыПотсдам конференциясы кезінде қауіпсіздік және күзет шараларына 6-шы Басқарма (үкімет күзеті), "Смерш" әскери барлау қызметі, сыртқы барлау, КСРО мемлекеттік қауіпсіздік халық комиссариаты мен ішкі істер халық комиссариатының қызметтері тартылды.Мұрағат құжаттарына сәйкес, кеңестер делегациясының басшысына 6-шы Басқарма жеке күзет қойса, делегация орналасқан жерді ішкі істер халық комиссариатының қызметкерлері үш шеңбермен күзетті. Осы шараларға 2041 адам тартылды. Ал конференция өткен қамалдың қауіпсіздігін мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер халық комиссариатарының 150 адамнан тұратын шұғыл құрамы және 1 000 милиционер қамтамасыз етті.Сталиннің жеке күзетіне 6-шы Басқарма бастығының бірінші орынбасары Николай Власик жетекшілік етті. Ал АҚШ пен Ұлыбритания делегациялары өз күзетімен бірге келді. КСРО ішкі істер халық комиссариатының әскерлері тек сыртқы күзет қойды.Мәскеуден Берлинге дейінгі қауіпсіздікМұрағат материалдарында Мәскеуден Берлинге дейінгі қауіпсіздік шаралары қалай ұйымдастырылғаны да айтылған.Осылайша, КСРО жерінде әрбір шақырымға 6 адам, Польшада – 10 адам, ал Германияда 15 адам қойылды. Бұдан бөлек, арнайы пойыз жүретін жолмен 8 бронды пойыз (екеуі КСРО-да, екеуі Польшада және төртеуі Германияда) жүріп тұрды.Сондай-ақ Потсдам конференциясы өткен аймақта жарылғыш заттардан тазарту шаралары да атқарылды. Сол кезде 482 артиллериялық снаряд, 298 қол гранатасы, 28 танкіге қарсы мина, 425 фаустпатрон және тағы басқа жарылғыш заттар табылған болатын.
берлин
мәскеу
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/11/55702472_62:0:963:676_1920x0_80_0_0_ed23853a2fd5be4c952292c2e8e6d52a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құпия ақпарат, берлин, мәскеу
құпия ақпарат, берлин, мәскеу
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Ресейдің федералдық қауіпсіздік қызметі Потсдам конференциясына қатысты мұрағат материалдарын жариялады. Оның барлығы бұрын құпия мәліметтер болған.
Сталин қай жерде орналасты
Мұрағат материалдарында Потсдам конференциясына қатысқан КСРО, АҚШ пен Ұлыбритания басшыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жайында жазылған. Мәселен, кеңестер делегациясы үшін 62 вилланы дайындаған. Ал Сталин бөлек екі қабатты үйде жатқан. Жалпы ауданы – 400 шаршы метр. Сол үйде 15 бөлме, ашық жазғы бөлме және мансарда болыпты. Ал конференцияның өзі немістің бұрыңғы ханзадасы тұрған қамалда өтті. Кеңестер делегациясы одан төрт шақырым шалғай жерде орналасты.
"Қамал – бұл ескі заманнан қалған екі қабатты ғимарат. Соған сай жабдықталған. Жалпы ауданы – 2000 шаршы метр. Ал отырыс залы 160 шаршы метрді құрайды. Ол тамақтану блогы мен асхана қабылдау рәсімдерін өткізуге мүмкіндік береді", - делінген мұрағат материалдарында.
Қауіпсіздік шараларына қанша адам тартылды
Потсдам конференциясы кезінде қауіпсіздік және күзет шараларына 6-шы Басқарма (үкімет күзеті), "Смерш" әскери барлау қызметі, сыртқы барлау, КСРО мемлекеттік қауіпсіздік халық комиссариаты мен ішкі істер халық комиссариатының қызметтері тартылды.
Мұрағат құжаттарына сәйкес, кеңестер делегациясының басшысына 6-шы Басқарма жеке күзет қойса, делегация орналасқан жерді ішкі істер халық комиссариатының қызметкерлері үш шеңбермен күзетті. Осы шараларға 2041 адам тартылды. Ал конференция өткен қамалдың қауіпсіздігін мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер халық комиссариатарының 150 адамнан тұратын шұғыл құрамы және 1 000 милиционер қамтамасыз етті.
Сталиннің жеке күзетіне 6-шы Басқарма бастығының бірінші орынбасары Николай Власик жетекшілік етті. Ал АҚШ пен Ұлыбритания делегациялары өз күзетімен бірге келді. КСРО ішкі істер халық комиссариатының әскерлері тек сыртқы күзет қойды.
Мәскеуден Берлинге дейінгі қауіпсіздік
Мұрағат материалдарында Мәскеуден Берлинге дейінгі қауіпсіздік шаралары қалай ұйымдастырылғаны да айтылған.
"Жолдың жалпы ұзындығы 1.923 шақырым, соның ішінде КСРО территориясымен - 1095 шақырым, Польшаның жерімен – 594 шақырым және Германияда – 234 шақырым. Арнайы пойыз жүретін жолда және барлық станцияда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер халық комиссариатарының шұғыл құрамы - 1515 адам, сондай-ақ істер халық комиссариатарының 17140 әскериі жіберілді", - делінген материалдарда.
Осылайша, КСРО жерінде әрбір шақырымға 6 адам, Польшада – 10 адам, ал Германияда 15 адам қойылды. Бұдан бөлек, арнайы пойыз жүретін жолмен 8 бронды пойыз (екеуі КСРО-да, екеуі Польшада және төртеуі Германияда) жүріп тұрды.
Сондай-ақ Потсдам конференциясы өткен аймақта жарылғыш заттардан тазарту шаралары да атқарылды. Сол кезде 482 артиллериялық снаряд, 298 қол гранатасы, 28 танкіге қарсы мина, 425 фаустпатрон және тағы басқа жарылғыш заттар табылған болатын.