Павлодар облысында дауылдан кейін 79 отбасы 30 млн теңгеге жуық төлем алды

© Photo : Акимат Павлодарской области/Valeriy BUGAYEVВ городе Аксу устраняют последствия сильного урагана
В городе Аксу устраняют последствия сильного урагана - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2025
Жазылу
Бір айға жуық уақыт бұрын облыста табиғи апат салдарынан екі адам қаза тапқан болатын
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов жойқын дауылдан кейін ең көп зардап шеккен Ақсу қаласына жұмыс сапарымен қайта барды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ақсу бұрын-соңды болмаған дауылдан 459 нысан, оның ішінде 99 көппәтерлі және 281 жеке тұрғын үй, сондай-ақ мектептер, балабақшалар, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт мекемелері зақымданды.
"Бүгінгі таңда 18 әлеуметтік нысанның 12-сі толық қалпына келтірілді, қалғандары 20 шілдеге дейін аяқталады деп жоспарлануда", - деп жазылған хабарламада.
79 көппәтерлі тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. 12-де әлі де жұмыстар жүргізілуде, қалғандарына қажетті жабдық әкелінуде. Сондай-ақ жеке үйлерде тұратын 79 отбасы 30 млн теңгеге жуық сомаға төлем алды, тағы 51 өтініш бойынша құжаттарды жинау жалғасуда.
Өңір басшысы электрмен жабдықтау және көшені жарықтандыру жүйелерін қалпына келтіруге ерекше назар аударды.
© Photo : Акимат Павлодарской области/Valeriy BUGAYEVАқсуда жойқын дауылдың салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр
В городе Аксу устраняют последствия сильного урагана - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2025
Ақсуда жойқын дауылдың салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр
Зақымдалған 443 тіректің 360-ы қалпына келтірілді, жұмыс кезінде - 59, сондай-ақ 24 тірек толығымен ауыстырылады.
Аймақ басшысы сондай-ақ ағаштарды санитарлық кесуге және дауылдан қатты зардап шеккен жасыл қордың жағдайына назар аударды.
Оның айтуынша, жұмыстар дендрологтардың ұсыныстары бойынша қатаң түрде жүргізілуі керек, инфекциялардың алдын алу үшін кесу жиектерін міндетті түрде өңдеу керек екендігін алға тартты.
"Егер біз біреуін емдесек, ал екіншісінк сәйкесінше көңіл бөлмесек, онда жүйе болмайды. Барлығын ақылмен жасау керек", — деп атап өтті Асайын Байханов.
Жалпы, қала бойынша 4000-нан астам ағаш кесіліп, 2500-і жасартылды, тағы 3000-ы өңделуі керек. Жұмысты 11 мамандандырылған бригада жүргізуде, 125 бірлік техника және 1500-ден астам адам жұмылдырылған. 7 500 тоннадан астам қоқыс пен бұтақ шығарылды.
© Photo : Акимат Павлодарской области/Valeriy BUGAYEV

Ақсуда жойқын дауылдың салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр

Ақсуда жойқын дауылдың салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр - Sputnik Қазақстан
1/6

2/6

3/6

4/6

5/6

6/6

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Ақсу қаласында ауқымды сенбілік өтті. 500-ден астам адам және 100-ге жуық арнайы техника көшелерді қоқыс пен құлаған ағаштардан тазартты. Акцияға қала құраушы кәсіпорындар: "ЕЭК" АҚ, Ақсу ферроқорытпа зауыты, "ДАНиЕР"ЖШС қатысты.
Қалада қосымша 6 автопавильон, 5 сәулет мүсіні, 22 орындық, 23 жол белгісі және 4 бағдаршам қалпына келтірілді. Жұмыс қаланың барлық ауданында жалғасуда.
"Қалпына келтіру қарқыны жақсы. Зардап шеккен нысандардың шамамен 90%-ы ретке келтірілді. Дегенмен жұмыс жетерлік", - деп түйіндеді Асайын Байханов.
Еске сала кетейік, бір айға жуық уақыт бұрын облыста табиғи апат салдарынан екі адам қаза тапқан болатын. Ақсуда жел ұшырған ағаш таксиде отырған әйелдің кеудесін тесіп өткен. Екібастұз қаласында тағы бір әйелге ағаш құлап кетті. Ол алған жарақатынан ауруханада көз жұмды.
Жаңалықтар
0