https://sputnik.kz/20250717/otandyq-ondirushiler-auyl-sharuashylygy-tekhnikasymen-naryqtyn-90-in-qamtyp-otyr-55729953.html
Отандық өндірушілер ауыл шаруашылығы техникасымен нарықтың 90%-ін қамтып отыр
Отандық өндірушілер ауыл шаруашылығы техникасымен нарықтың 90%-ін қамтып отыр
Sputnik Қазақстан
Бірінші жартыжылдықта 4 мыңға жуық трактор және 441 астық жинайтын комбайн өндірілген 17.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-17T21:14+0500
2025-07-17T21:14+0500
2025-07-17T21:14+0500
отандық өнім
үкімет
ауыл шаруашылығы министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35382065_0:43:1280:763_1920x0_80_0_0_96e754534eb905ca796bd5fe0e6a5ae1.jpg
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Ауыл шаруашылығы техникасымен нарықтың 90%-ін отандық өндірушілер қамтып отыр . Бұл туралы үкімет отырысында айтылды. Ауыл шаруашылығы машинасын құрастыру сала құрылымының шамамен 6%-ін алады. Бүгінде Қазақстанда өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын 10 ірі кәсіпорын өндіреді. Қолданыстағы жеңілдетілген лизинг бағдарламасының арқасында отандық өндірушілер трактор мен комбайн бойынша ішкі нарық қажеттілігінің 90%-ін қамтамасыз етіп отыр. Жылдық жоспар 10 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасын шығаруды көздейді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 27%-ке жоғары. Вице-премьер Серік Жұманғарин өңдеу өнеркәсібінің негізгі секторының бірі және елдің технологиялық дамуының маңызды драйвері ретінде машина жасаудың тұрақты өсу қарқынын сақтауға бағытталған барлық қажетті шаралар кешенін қамтамасыз етуді тапсырды.
https://sputnik.kz/20250609/lizingti-qarzhylandyru-kolemi-450-mlrd-tengege-deyin-ulgaytylady-54413472.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35382065_103:0:1178:806_1920x0_80_0_0_6a2602943d93063bdccca18651d7ba59.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
отандық өнім, үкімет, ауыл шаруашылығы министрлігі
отандық өнім, үкімет, ауыл шаруашылығы министрлігі
Отандық өндірушілер ауыл шаруашылығы техникасымен нарықтың 90%-ін қамтып отыр
Бірінші жартыжылдықта 4 мыңға жуық трактор және 441 астық жинайтын комбайн өндірілген
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Ауыл шаруашылығы техникасымен нарықтың 90%-ін отандық өндірушілер қамтып отыр . Бұл туралы
үкімет отырысында айтылды.
Ауыл шаруашылығы машинасын құрастыру сала құрылымының шамамен 6%-ін алады.
Бүгінде Қазақстанда өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын 10 ірі кәсіпорын өндіреді. Қолданыстағы жеңілдетілген лизинг бағдарламасының арқасында отандық өндірушілер трактор мен комбайн бойынша ішкі нарық қажеттілігінің 90%-ін қамтамасыз етіп отыр.
"Өткен жылы финдік SAMPO, қытайлық ZOOMLION және американдық John Deere Қазақстанға кіріп, қазір олардың қатысуы күшейтіліп жатыр. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстанда 4 мыңға жуық трактор мен 441 астық жинайтын комбайн өндірілді", - делінген хабарламада.
Жылдық жоспар 10 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасын шығаруды көздейді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 27%-ке жоғары. Вице-премьер Серік Жұманғарин өңдеу өнеркәсібінің негізгі секторының бірі және елдің технологиялық дамуының маңызды драйвері ретінде машина жасаудың тұрақты өсу қарқынын сақтауға бағытталған барлық қажетті шаралар кешенін қамтамасыз етуді тапсырды.