Өскемен тұрғынын өлтірді деген күдікке ілінген топтың екі мүшесі ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2025
Жазылу
Іздестіріліп жатқан адамдарды қасақана жасырып келген Алматы тұрғыны да қылмыстық жауапкершілікке тартылады
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. 2025 жылы мамырда Өскемен қаласының тұрғынын ұрлап әкетіп, өлтірді деген күдікке ілінген топтың екі мүшесі ұсталды, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.
Операцияны Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы полиция департаментімен бірлесіп жүргізді.
"Аталған адамдар 2025 жылдың маусымынан бері іздеуде болған. Оларға қатысты екі айға қамауға алу бұлтартпау шарасы тағайындалды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазылған хабрламада.
Сондай-ақ іздестіріліп жатқан адамдарды қасақана жасырып жүрген Алматы қаласының тұрғынын қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі де шешілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Жаңалықтар
0