Тоқаев Ауғанстанмен тиімді ықпалдастықты жолға қоюды тапсырды

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание Акорды
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2025
Жазылу
Қазақстан Ауғанстандағы тұрақтылықты сақтау мақсатында гуманитарлық бастамаларды жалғастыра беруге ниетті
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президенттің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі Еркін Тұқымовты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы Ауғанстан билігімен екіжақты қарым-қатынасты нығайтуда арнаулы өкілдің ерекше рөл атқаратынын атап өтті.
"Арнаулы өкілге аталған елмен сауда-экономикалық және гуманитарлық салаларда өзара тиімді ықпалдастықты жолға қою тапсырылды", - деп жазылған хабарламада.
Президент Алматы қаласында ашылған Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ аймақтық орталығының мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланудың маңызына тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан Ауғанстандағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау мақсатында гуманитарлық және білім беру бастамаларын жалғастыра беруге ниетті.
Қазақстан мыртқы істер министрі Ауғанстанға жұмыс сапарымен барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2025
Қазақстан мен Ауғанстан тауар айналымын 3 млрд долларға дейін ұлғайтады
Жаңалықтар
0