https://sputnik.kz/20250716/shymkent-turgyny-ultaralyq-alauyzdyqty-qozdyrgany-ushin-25-zhylga-sottaldy-55666612.html
Шымкент тұрғыны ұлтаралық алауыздықты қоздырғаны үшін 2,5 жылға сотталды
Шымкент тұрғыны ұлтаралық алауыздықты қоздырғаны үшін 2,5 жылға сотталды
Sputnik Қазақстан
Ол тікелей эфирде ұлтаралық алауыздықты қасақана қасақана қоздырған 16.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-16T09:56+0500
2025-07-16T09:56+0500
2025-07-16T09:56+0500
ұлтаралық алауыздық
шымкент
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_0:350:6720:4130_1920x0_80_0_0_1265e9e038f903d8c8eae1ec153d15d8.jpg
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында ұлтаралық алауыздықты қоздырған ер адам 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Күдікті Қазақстан Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі (ұлтаралық алауыздықты қоздыруға және насихаттауға бағытталған қасақана әрекеттерді жасау) бойынша айыпталды.Сотталушының кінәсі іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденді.Прокурор сотталушы Д.-ға бас бостандығынан айыру жазасын кесуді сұрады.Сот Д.-ның жасаған іс-әрекетіне өкініш білдіруін қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырды, ал ауырлататын мән-жайлар анықталмады.Сот Д.-ны ҚК-нің 174-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын кесті.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20250531/dini-alauyzdyqty-qozdyrgan-12-qazaqstandyq-sottaldy-54142612.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_374:0:6347:4480_1920x0_80_0_0_73b2103186fc5eda9388358349dd4cab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлтаралық алауыздық, шымкент
ұлтаралық алауыздық, шымкент
Шымкент тұрғыны ұлтаралық алауыздықты қоздырғаны үшін 2,5 жылға сотталды
Ол тікелей эфирде ұлтаралық алауыздықты қасақана қасақана қоздырған
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында ұлтаралық алауыздықты қоздырған ер адам 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күдікті Қазақстан Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі (ұлтаралық алауыздықты қоздыруға және насихаттауға бағытталған қасақана әрекеттерді жасау) бойынша айыпталды.
"Д. 2025 жылдың сәуір айында өзінің үйінде онлайн-платформаны пайдалана отырып, "Ч..." әлеуметтік желісінде "стрим" тікелей эфиріне қатысып, ұлтаралық алауыздықты қоздыруға және насихаттауға бағытталған қасақана әрекеттер жасаған", - делінген хабарламада.
Сотталушының кінәсі іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденді.
Прокурор сотталушы Д.-ға бас бостандығынан айыру жазасын кесуді сұрады.
"Д. кінәсін мойындап, өзіне бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза кесуді сұрады", - дейді соттың баспасөз қызметі.
Сот Д.-ның жасаған іс-әрекетіне өкініш білдіруін қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырды, ал ауырлататын мән-жайлар анықталмады.
Сот Д.-ны ҚК-нің 174-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын кесті.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.