Өскемен әуежайында бес жыл бойы ақша ұрланған – қылмыстың мән-жайы

© Photo : Агентство по финансовому мониторингу Казахстана Аэропорт Усть-Каменогорска
Аэропорт Усть-Каменогорска - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2025
Жазылу
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Өскемен әуежайының бұрынғы басшылығына қатысты тергеу аяқталды. Олар сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі көлемде иемдену және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру фактілері бойынша айыптылып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Әуежайдың бұрынғы президенті мен өзге де лауазымды тұлғалары бес жыл бойы еңбекақыны негізсіз көбейтіп, жалған сыйақылар мен жалған шарттар жасау арқылы жүйелі түрде ақша жымқырған. Артынан оны касса арқылы қолма-қол ақшаға айналдырып отырыпты.
"Бұдан бөлек, әуежайға тиесілі көлік құралдары бухгалтерлік есептен шығарылып, нарықтағы құнынан бірнеше есе төмен бағамен сенімді тұлғаларға сатылған. Ал әуежайдың коммерциялық нысандары жеңілдетілген шарттармен жалға берілген. Осылайша, жалдау ақысы төмендетіліп, нақты жалға берілген аумақ азайтылып көрсетілген", - делінген ресми хабарламада.
Мемлекетке келтірілген жалпы залал 157 млн теңгені құрады. Қазіргі кезде сот санкциясымен күдіктілердің 126 млн теңге көлеміндегі мүлкіне, соның ішінде 4 пәтер, жер учаскесі және 2 автокөлікке тыйым салынды.
Күдіктілердің бәрі қамауға алынды.
Жаңалықтар
0