Алматыда газ құбыры жарылды: зардап шеккендер бар

© Sputnik/Айдана ДайыроваУдарная волна от взрыва газопровода перевернула автомобиль в Алматы
Ударная волна от взрыва газопровода перевернула автомобиль в Алматы 
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2025
Жазылу
Газ құбыры жарылып, маңындағы ағаштарды жұлып кеткен
АЛМАТЫ, 15 шілде – Sputnik. Алматыда газ құбыры жарылып, көлікті аударып тастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиға Бұқар Жырау мен Байзақов көшелерінің қиылысында болған.
"СантехКомплектГрупп" ЖШС мердігерлік ұйымға қарасты жаңадан салынған орта қысымды жерасты газ құбырын сығымдау жұмыстарын жүргізу кезінде ауа қоспасы шығып кетті", - дейді "QazaqGaz aimaq" компаниясы.
Салдарынан газ құбыры жарылып, маңындағы ағаштарды жұлып кеткен. Онымен қоймай сол маңда тұрған көлікті төңкеріп тастаған.
"Қазіргі уақытта учаске тексеріліп, болған жағдайдың себептері анықталып жатыр. Оқиға аумағы қоршауға алынды, халыққа қауіп төніп тұрған жоқ. Құрбандар жоқ", - дейді компания.
"QazaqGaz Aimaq" АҚ жағдайды бақылауда ұстаймыз дейді. Жарылыстан екі адам зардап шеккен.
© Sputnik/Айдана ДайыроваАлматыда газ құбыры жарылды
Ударная волна от взрыва газопровода перевернула автомобиль в Алматы 
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2025
Алматыда газ құбыры жарылды
Орталық қалалық клиникалық ауруханаға екі науқас жеткізілді. Барлық қажетті тексеруден кейін оларға жұмсақ тіндердің көгеруі диагнозы қойылды.
"Науқастардың жағдайы тұрақты, ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ. Тексеруден кейін олар амбулаториялық емдеуге жіберіледі", - деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасы.
Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
"Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиға тексеріліп жатыр", - дейді Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі.
Қажетті сот-медициналық сараптамалар жасалып жатыр. Тергеу барысы Алматы полициясы басшылығының бақылауында.
Жаңалықтар
0