https://sputnik.kz/20250715/turkistan-oblysynda-oqushynyn-zhukti-bolyp-qalgany-ras-pa-55637173.html
Түркістан облысында оқушының жүкті болып қалғаны рас па
Түркістан облысында оқушының жүкті болып қалғаны рас па
Sputnik Қазақстан
Полиция азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды 15.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-15T08:26+0500
2025-07-15T08:26+0500
2025-07-15T08:26+0500
жүктілік
оқушы қыз
түркістан облысы
https://sputnik.kz/img/496/72/4967234_0:0:3262:1836_1920x0_80_0_0_da8e2ce8f6e6dbc2a1bc656d54fce241.jpg
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Түркістан облысында 9-сынып оқушысы жүкті болып қалғаны туралы ақпарат расталмады, деп хабарлайды Otyrar.kz.Бұған дейін құқыққорғаушы, Біріккен ұлттар ұйымының еріктісі Ләззат Рақышева әлеуметтік желіде Түркістан облысы Отырар ауданында 9-сынып оқушысының аяғы ауыр екенін хабарлаған. Оның айтуынша күдікке 4 адам ілінген. Оның бірі – 11-сынып оқушысы, қалғаны ересек адамдар. Оқушы қыздың жүкті болып қалуы туралы ақпарат жөнінде полицияға хабар берілді.Полиция мәліметінше, бірнеше адамның құқыққа қайшы әрекеті және кәмелетке толмағанның жүктілік фактісі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Тергеу кезінде бұл расталмаған."Тергеу мүддесіндегі өзге де ақпарат Қылмыстық процесуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді", - деп түсіндірді Түркістан облыстық полиция департаменті.Полиция жалған ақпарат таратқаны үшін заңға сәйкес жауапқа тарту көзделгенін еске салып, азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.
https://sputnik.kz/20230317/almaty-oblysynda-oqushy-53-zhastagy-er-adamnan-zhukti-boldy-33041451.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/496/72/4967234_147:0:3240:2320_1920x0_80_0_0_168ed75dcaa792ae699ec9cafc9b967c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жүктілік, оқушы қыз, түркістан облысы
жүктілік, оқушы қыз, түркістан облысы
Түркістан облысында оқушының жүкті болып қалғаны рас па
Полиция азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Түркістан облысында 9-сынып оқушысы жүкті болып қалғаны туралы ақпарат расталмады, деп хабарлайды
Otyrar.kz. Бұған дейін құқыққорғаушы, Біріккен ұлттар ұйымының еріктісі Ләззат Рақышева әлеуметтік желіде Түркістан облысы Отырар ауданында 9-сынып оқушысының аяғы ауыр екенін хабарлаған. Оның айтуынша күдікке 4 адам ілінген. Оның бірі – 11-сынып оқушысы, қалғаны ересек адамдар. Оқушы қыздың жүкті болып қалуы туралы ақпарат жөнінде полицияға хабар берілді.
"Отырар ауданы тұрғынының кәмелетке толмаған туысына құқыққа қарсы іс-әрекеттің жасалуы туралы арыз полицияда қаралып, тергеу жүргізілуде. Тергеу аясында сараптамалар тағайындалды және барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар атқарылуда", - деп хабарлады Түркістан облыстық полиция департаменті.
Полиция мәліметінше, бірнеше адамның құқыққа қайшы әрекеті және кәмелетке толмағанның жүктілік фактісі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Тергеу кезінде бұл расталмаған.
"Тергеу мүддесіндегі өзге де ақпарат Қылмыстық процесуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді", - деп түсіндірді Түркістан облыстық полиция департаменті.
Полиция жалған ақпарат таратқаны үшін заңға сәйкес жауапқа тарту көзделгенін еске салып, азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.