Премьер-министр мен оның орынбасарлары қайда демалғанын айтты

© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаПремьер-министр Казахстана Олжас Бектенов
Премьер-министр Казахстана Олжас Бектенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2025
Жазылу
Олжас Бектенов соңғы рет 2021 жылы Алакөлде демалғанын айтты
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов және төрт орынбасары соңғы рет қай жерде демалғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін үкіметте өткен брифингте журналистер ішкі туризм мәселесін көтерді. Одан кейін премьер-министрдің соңғы рет қай жерде демалғанын сұрады. Олжас Бектенов соңғы рет 2021 жылы Алакөлде демалғанын айтты.
"Қазір нақты есімде жоқ, жаңылмасам, 2021 жылы Алакөлде болғанмын. Одан кейін демалыс алған жоқпын. Сол себепті ешқайда барған жоқпын. Енді Астанаға Бурабай жақын ғой. Бірақ оған да шыға алмай жүрмін. Дегенмен жұмыс сапарымен былтыр Алакөлге де, Кендірліге де бардым. Бірақ суға түсе алмадым", - деді Бектенов.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр да көптен бері демалысқа шықпағанын жеткізді.
"Әрине, Павлодар мен Баянауылда демалғанды жақсы көремін", - деп атап өтті Скляр.
Үкімет басшысының тағы бір орынбасары Ермек Көшербаев былтыр облысты басқарғанда жеті күнге демалысқа шыққан. Сол кезде төрт күнге Еуропаға барып келіпті.
"Қалған уақытты Бұқтырмада бір демалыс аймағында отбасымен бірге өткіздік", - дейді Көшербаев.
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин соңғы екі жыл демалыста болмадым дейді. Ал жаңа жылды Ақкөлде қарсы алғанын жеткізді.
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев та былтыр су тасқынына байланысты демалысқа шыға алмай қалғанын мәлімдеді.
"Бірақ бір демалыстарда Ақтау жақта қалғаным бар. Екі күндей "Жылы жағажайда" өткіздім. Сосын тағы бір демалыста Алакөлге бардым, керемет демалыс болды", - деді Бозымбаев.
Жаңалықтар
0