https://sputnik.kz/20250715/patriot-zhuyesin-ukrainaga-zhetkizu-birneshe-ayga-sozylady-55640556.html
Patriot жүйесін Украинаға жеткізу бірнеше айға созылады
Patriot жүйесін Украинаға жеткізу бірнеше айға созылады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Patriot жүйесін Украинаға жеткізу АҚШ-пен оны сатып алу туралы келісім жасалғаннан кейін бірнеше айға созылады, деді Германия... 15.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-15T14:42+0500
2025-07-15T14:42+0500
2025-07-15T14:42+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/1436/02/14360273_0:129:2971:1800_1920x0_80_0_0_edeebc3fa79764c574450f30b3b9d35c.jpg
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Patriot жүйесін Украинаға жеткізу АҚШ-пен оны сатып алу туралы келісім жасалғаннан кейін бірнеше айға созылады, деді Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Пентагон басшысы Пит Хегсетпен кездесуден кейін.Сонымен қатар министр тараптар жеткізілетін жүйелердің саны туралы әзірге хабарламау туралы шешім қабылдағанын атап өтті. Саясаткер бір батареяның құнын шамамен бір миллиард долларға бағалады.Бұған дейін Писториус Financial Times газетіне берген сұхбатында Хегсетпен АҚШ-тан екі Patriot-ты сатып алып, Киевке беру мәселесін талқылауды жоспарлап отырғанын айтқан.Дүйсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде НАТО бас хатшысы Марк Рюттемен кездесуден кейін журналистерге Украина жақын арада Еуропа елдерінен Patriot әуе қорғаныс жүйесін алатынын айтты. Бұған қоса, АҚШ басшысы Солтүстік Атлантикалық альянс АҚШ-тан Киевке жеткізілетін қару-жарақ ақысын да төлейтінін мәлімдеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1436/02/14360273_240:0:2971:2048_1920x0_80_0_0_9e607a98409c2f9b17b9c3242868e376.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Patriot жүйесін Украинаға жеткізу бірнеше айға созылады
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Patriot жүйесін Украинаға жеткізу АҚШ-пен оны сатып алу туралы келісім жасалғаннан кейін бірнеше айға созылады, деді Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Пентагон басшысы Пит Хегсетпен кездесуден кейін.
"Украинаға ол (Patriot жүйесі — Ред.) шынымен де өте қажет, біз оны көрдік. Бірақ ешбір иллюзияға жол бермеңіздер – бүгін біз Украинаға жөнелтілуі керек деп айтып жатқан Patriot жүйесін жеткізуге айлар қажет. Ал шешім қабылданғанша күндер немесе апталар қажет", - деді ол.
Сонымен қатар министр тараптар жеткізілетін жүйелердің саны туралы әзірге хабарламау туралы шешім қабылдағанын атап өтті. Саясаткер бір батареяның құнын шамамен бір миллиард долларға бағалады.
Бұған дейін Писториус Financial Times газетіне берген сұхбатында Хегсетпен АҚШ-тан екі Patriot-ты сатып алып, Киевке беру мәселесін талқылауды жоспарлап отырғанын айтқан.
Дүйсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде НАТО бас хатшысы Марк Рюттемен кездесуден кейін журналистерге Украина жақын арада Еуропа елдерінен Patriot әуе қорғаныс жүйесін алатынын айтты. Бұған қоса, АҚШ басшысы Солтүстік Атлантикалық альянс АҚШ-тан Киевке жеткізілетін қару-жарақ ақысын да төлейтінін мәлімдеді.