Мәскеуде 1945 жылғы Потсдам конференциясы туралы көрме ашылды

© Photo : Жеңіс музейіМәскеуде 1945 жылғы Потсдам конференциясы туралы көрме ашылды
Мәскеуде 1945 жылғы Потсдам конференциясы туралы көрме ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2025
Жазылу
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Мәскеудегі Жеңіс музейінде антигитлерлік коалицияның үш ірі державасы басшыларының Потсдам конференциясына арналған "Потсдам. 1945 жылдың шілдесі" атты көрме ашылды. Онда конференцияны дайындау мен өткізу туралы бұрын құпия болған құжаттар қойылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Жеңіс музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Біздің азаматтарымыз, сондай-ақ шетелдіктер де біздің барлау қызметіміз (Потсдам конференциясында – агенттік) қандай рөл атқарғаны туралы шындықты білгісі келетініне сенімдімін. Бүгін біз 2025 жылы құпиясы ашылған осы құжаттардың тағы бір партиясын ұсынып отырмыз", - деді Жеңіс музейінің ғылыми-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі, экономика ғылымдарының докторы, тарих ғылымдарының кандидаты Валерий Куличков.
Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, көрмеде Потсдам конференциясын дайындау және өткізу туралы Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Бас басқармасы Жеңіс музейіне өткізген құжаттары қойылған, бұл құжаттар келіссөздердің 80 жылдығына орай жария етілген.
Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабы Бас басқармасының өкілі генерал-майор Андрей Киндяков КСРО-ның антигитлерлік коалициядағы одақтастарының шынайы уәждерін түсіну үшін ұсынылған құжаттардың құндылығын атап өтті.
"Біз құжатар сол оқиғалардан, алға жылжу үшін қабылданған ұлы шешімдерден тағылым алуға мүкіндік береді", - деді ол.
Көрме 2025 жылдың 24 тамызына дейін жалғасады.

Конференция туралы

Потсдам конференциясы 1945 жылы 17 шілдеден 2 тамызға дейін Германияның Потсдам қаласының маңындағы Цецилиенхоф сарайында өтті.
Ол антигитлерлік коалицияның үш ірі державасы - КСРО, АҚШ және Ұлыбритания басшыларының соңғы ресми кездесуі болды, онда Еуропадағы жаңа шекаралар, Германияны қалпына келтіру, оның қарыздары, демилитаризация және денацификация мәселелері шешілді.
Жаңалықтар
0