Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Кремль Украинамен келіссөздердің үшінші кезеңіне дайын екендігін мәлімдеді

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуКремль Украинамен келіссөздердің үшінші кезеңіне дайын екендігін мәлімдеді
Кремль Украинамен келіссөздердің үшінші кезеңіне дайын екендігін мәлімдеді - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2025
Жазылу
Бұл туралы Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді
АСТАНА, 15 шілде - Sputnik. Ресей Украинамен келіссөздердің үшінші кезеңіне дайын. Кездесу бойынша Киевтен ұсыныс әлі түскен жоқ, деді Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
"Мен бірнеше рет әртүрлі деңгейлерде, соның ішінде жоғары деңгейде, біз украин тарапының тікелей Ресей-Украин келіссөздерінің үшінші раундын өткізу мерзімдері туралы ұсыныстарын күтеміз деп мәлімдегенімізді қайталағым келеді. Біз өз дайындығымызды сақтаймыз, украин тарапының ұсыныстарын әлі алған жоқпыз", - деді ол журналистерге.
Ресей мен Украина тікелей келіссөздердің екі раундын өткізді. Кездесулер Ыстанбұлда өтті. Олардың нәтижесі тұтқындармен алмасу болды, сонымен қатар Мәскеу Киев режиміне қаза тапқан әскери қызметшілердің денелерін берді. Бұдан бөлек, тараптар жанжалды реттеу бойынша меморандум жобаларымен алмасты.
"Түркия мен Ресей оны өткізуге дайын екендіктерін бірнеше рет жариялағанына қарамастан, үшінші кезеңнің күні әлі анықталған жоқ", - деді Песков.
Архивное фото Кремлевского дворца в Москве - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Ресей мен Украина меморандумдарды талқылауды бастауы керек – Песков
Жаңалықтар
0