https://sputnik.kz/20250714/turkistan-oblysynda-iri-mal-bordaqylau-alany-iske-qosyldy-55620252.html
Түркістан облысында ірі мал бордақылау алаңы іске қосылды
Түркістан облысында ірі мал бордақылау алаңы іске қосылды
Sputnik Қазақстан
Мұнда жылына 5000 бас ірі қара мен 10000 тонна ет өңделеді деп жоспарлануда 14.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-14T11:39+0500
2025-07-14T11:39+0500
2025-07-14T11:39+0500
түркістан облысы
ет
мал
мал шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/07e9/05/1a/53908346_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_0e0e26aa57c6de322b9b19687dd6d1aa.jpg
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Түркістан облысының Ақсукент ауылында "KAZ ECO MEAT" ЖШС-нің 5 мың басқа арналған ірі мал бордақылау алаңы іске қосылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.Мал сою бекетінің құрылыс жұмыстары жобалау сметалық құжатқа сай 100%-ға толық орындалған.Өндіріске қажетті құрал-жабдықтар және арнайы құрылғылар Беларусь, Қытай және Түркия елдерінен алынған. Қажетті сиыр малы жергілікті фермерлік шаруа қожалықтарынан және солтүстік өңірлерден жеткізіледі.Кәсіпорын жоғары техникалық құралдармен жабдықталған, малдан алынатын өнімдерді неғұрлым толық пайдаға асыру мақсатында мал бордақылау кешенінде ірі қараға автоматтандырылған жем беру жүйесі ендірілген.Ет комбинаты халықаралық талапқа сай және экспортқа негізделген.
https://sputnik.kz/20250708/mal-sharuashylygyna-arzan-kreditter-beriledi-55464651.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/1a/53908346_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_422af8630717764cc24899797a91e295.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, ет, мал, мал шаруашылығы
түркістан облысы, ет, мал, мал шаруашылығы
Түркістан облысында ірі мал бордақылау алаңы іске қосылды
Мұнда жылына 5000 бас ірі қара мен 10000 тонна ет өңделеді деп жоспарлануда
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Түркістан облысының Ақсукент ауылында "KAZ ECO MEAT" ЖШС-нің 5 мың басқа арналған ірі мал бордақылау алаңы іске қосылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Мал сою бекетінің құрылыс жұмыстары жобалау сметалық құжатқа сай 100%-ға толық орындалған.
"Жоба құны 8 500 млн теңгені құрайды. Мұнда жылына 5000 бас ірі қара мен 10000 тонна ет өңделеді деп жоспарлануда. Өндірістік кооператив 13 гектар аумақта орналасқан. Жаңадан 100 жұмыс орны құрылды", - деп жазылған хабарламада.
Өндіріске қажетті құрал-жабдықтар және арнайы құрылғылар Беларусь, Қытай және Түркия елдерінен алынған. Қажетті сиыр малы жергілікті фермерлік шаруа қожалықтарынан және солтүстік өңірлерден жеткізіледі.
Кәсіпорын жоғары техникалық құралдармен жабдықталған, малдан алынатын өнімдерді неғұрлым толық пайдаға асыру мақсатында мал бордақылау кешенінде ірі қараға автоматтандырылған жем беру жүйесі ендірілген.
"Кәсіпорында қанды жинауға арналған арнайы құрал-жабдықтар мен қондырғалар қолданылады. Яғни, қанды өңдеп, кәдеге жаратып, арнайы өнімдер шығарады. Сонымен бірге малдың сүйегі де өңделеді. Қалдықсыз өндіріс принципі бойынша жұмыс істейді", - дейді әкімдік мамандары.
Ет комбинаты халықаралық талапқа сай және экспортқа негізделген.