Руслан Желдібай қосымша қызметке тағайындалды

© Sputnik / Владислав ВодневРуслан Желдибай
Руслан Желдибай - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2025
Жазылу
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңа технологиялар және тиімділікті арттыру бойынша комиссиясының директоры болды. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында өзі жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ол бұл қосымша қоғамдық қызмет екенін атап өтті.
"Сенім білдірген IJF басшылығына, Мариус Визер мырзаға алғыс білдіремін. Еліміздің халықаралық спорт ұйымдарында өкілдерінің болуы өте маңызды. Бұл қадам арқылы еліміздің беделін нығайтумен қатар, тәжірибе де алмасамыз", - дейді Желдібай.
Ол елімізде дзюдоны дамыту бағытында біраз жұмыс атқарылып жатқанын еске салды.
"Әлі де мәселе жетерлік. Дзюдоны кеңінен дамыту үшін арнайы академия, ал аймақтарда орталықтар қажет болып тұр. Халықаралық ынтымақтастықты да арттырамыз. Осы іске барынша өз үлесімді қосамын", - деп түйіндеді президенттің баспасөз хатшысы.
Портфель - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2025
ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директоры тағайындалды
Жаңалықтар
0