Қазақстандық "Шатырдағы екеу" фильмі Ресейде өткен фестивальде арнайы жүлдеге ие болды

Қазақстандық "Шатырдағы екеу" фильмі Ресейде өткен фестивальде арнайы жүлдеге ие болды
Қазақстандық Шатырдағы екеу фильмі Ресейде өткен фестивальде арнайы жүлдеге ие болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2025
Жазылу
Фестивальге 121 елден 2500-ден астам фильмге өтінім түскен
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. "Шатырдағы екеу" фильмі Ресейде өткен "В кругу семьи" халықаралық кинофестивалі аясында қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды.
Фильм ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген. Картина ұлттық болмысымен және мазмұнымен ерекшеленіп, жоғары бағаланды.
Фестивальге 121 елден 2500-ден астам фильмге өтінім түскен. Байқау бағдарламасына 36 елден келген толықметражды және қысқаметражды фильмдер енді.
"Фестивальде фильмнің түпнұсқа музыка авторы, композитор Виктор Сологуб таныстырды. Композитор марапатты бүкіл түсірілім тобының атынан қабылдап, толқынысын жеткізді. Сонымен қатар хикаяның ерекше қажеттіліктері бар адамдарды тереңірек түсінуге және қабылдауға септігін тигізетінін атап өтті", - дейді мәдениет және ақпарат министрлігі.
"Шатырдағы екеу" – режиссер Гүлшат Смағұлованың тұңғыш режиссерлік дебюті. Туынды тағдыры қиындыққа толы жас жігіт Дамир мен аутизм дертіне шалдыққан жасөспірім Костяның арасындағы достықты баяндайды. Шығармашылық топ картинада инклюзияның маңызын және ерекше балалардың қоғамға бейімделу мәселесін көтерген. Түсірілім биыл көктемде Алматы қаласы мен Алматы облысы Талғар ауданында өтті. Фильм қазақ және орыс тілдерінде өткен жылы прокатқа шықты.
Московская международная неделя кино - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2024
Мәскеу халықаралық кино апталығында қазақстандықтар өз тәжірибесін бөлісті
Жаңалықтар
0