Атырауда бассейнде 14 адам уланды

© Sputnik / Ляля Лилова Бассейн для крещенских купаний устроен во дворе церкви
Бассейн для крещенских купаний устроен во дворе церкви  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2025
Жазылу
Облыс әкімі өңірдегі бассейндер мен аквапарктерді тексеруді тапсырды
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. 13 шілдеде Атыраудағы бассейндердің бірінде шомылған адамдардың денсаулығы сыр берді, олар хлордан уланған болуы мүмкін, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Медициналық көмекке 14 адам жүгінген.
"Ауруханаға 3 адам жатқызылған, олардың жағдайы тұрақты. Қалған тұрғындар дәрігерлердің бақылауында", - деп жазылған хабарламада.
Эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп, ауа мен судан сынама алынды. Хлор буы шекті мөлшерден аспаған, зертханалық талдау жұмыстары жалғасып жатыр.
Полиция қылмыстық іс қозғады, тергеу жүріп жатыр.
Облыс әкімі денсаулық сақтау басқармасына зардап шеккендердің жағдайын бақылауда ұстауды міндеттеді. Бұған қоса, өңірдегі бассейндер мен аквапарктерді тексеруге тапсырма берілді.
Бассейн  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2022
Оқиға
Шымкент маңында алты жасар бала бассейнге батып кетті
Жаңалықтар
0