https://sputnik.kz/20250713/biyldan-bastap-18-myn-qyzmetker-turgyn-uy-tolemin-alady--zan-talaby-qanday-55610104.html
Биылдан бастап 18 мың қызметкер тұрғын үй төлемін алады – заң талабы қандай
Биылдан бастап 18 мың қызметкер тұрғын үй төлемін алады – заң талабы қандай
Sputnik Қазақстан
Тұрғын үй төлемін тек үш мақсатқа жұмсауға рұқсат етіледі 13.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-13T19:30+0500
2025-07-13T19:30+0500
2025-07-13T19:30+0500
тұрғын үй бағдарламасы
тұрғын үй
көпбалалы отбасы
өрт сөндірушілер
төтенше жағдай
https://sputnik.kz/img/07e9/07/01/55265632_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_ac9c913f45028a60825522702d50c456.jpg
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Биылдан бастап өрт сөндірушілер мен төтенше жағдайды жоюға атсалысатын мамандар тұрғын үй төлемін алады. Президент тиісті заңға қол қойды. Ал министрлік нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге кірісті. Алдағы бір-екі айда тұрғын-үй төлемі беріле бастайды. Sputnik Қазақстан заңның негізгі нормаларын ұсынады.Ақшаны қалай жұмсауға боладыЗаңға сәйкес, төтенше жағдайларды және апаттарды жоюға қатысатын мамандар, соның ішінде өрт сөндірушілер мен олардың отбасыларына тұрғын-үй төлемі беріледі. Атап айтқанда, бес адамнан тұратын отбасыға ең жоғары төлем 90 шаршы метрге дейін қарастырылған. Үйді жалға алу мерзімі – 8 жыл. Ал тұрғын үй төлемін тек үш мақсатқа жұмсауға рұқсат. Олар:Бұдан бөлек, көтерме жәрдемақы да қарастырылған. Басқа жерге көшкен жағдайда жеке мүлікті тасымалдауға кеткен шығын өтеледі. Ал төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция кезінде апаттық-құтқару жұмыстарын атқарғаны үшін үш еселенген ақшалай төлем қарастырылып отыр.Төлем көлемі қандайТұрғын үй төлемі тұрғылықты жерге және отбасы мүшелерінің санына қарай төленеді. Мәселен, Астанада бір адамға 92 мың, ал Өскемен қаласында 49 мың теңге қарастырылған. Осылайша төрт адамнан тұратын отбасыға 200-370 мың теңгенің тұрғын үй төлемі беріледі. 30 маусымда президент тиісті заңға қол қойды.Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаевтың айтуынша, президент заңға қол қойғаннан кейін қажетті нормативтік-құқықтық актілер бекітіледі. Соның негізінде қаржы бөлінеді.Оның айтуынша, азаматтық қорғаныс саласында жұмыс істейтін 18 мыңға жуық қызметкер тұрғын үй төлемін алады.Өтемақы кімге беріледіЗаңда ерікті өрт сөндірушілерді қолдау шаралары да бар. Олар жарақат алған немесе ауырған жағдайда өтемақы төлемін алады.Тұрғын үй төлеміне қатысты тағы бір өзгеріс бар. Бүгінде жұмыстан кететін әскери адамға және арнайы мемлекеттік орган қызметкерлеріне біржолғы тұрғын үй төлемі беріледі. Ал жаңа тәртіпке сәйкес, ондай төлемнің сомасы ипотека бойынша қалған қарыздың мөлшерін жабуға жететіндей болады. Сосын 20 жылдық еңбек тәжірибесі бар қызметкерлерге мемлекеттік қордан алған жалдамалы баспананы жекешелендіруге рұқсат беріледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/01/55265632_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_700b2d90d5b940f8c2e82bad411f2300.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тұрғын үй бағдарламасы, тұрғын үй, көпбалалы отбасы, өрт сөндірушілер, төтенше жағдай
тұрғын үй бағдарламасы, тұрғын үй, көпбалалы отбасы, өрт сөндірушілер, төтенше жағдай
Биылдан бастап 18 мың қызметкер тұрғын үй төлемін алады – заң талабы қандай
Тұрғын үй төлемін тек үш мақсатқа жұмсауға рұқсат етіледі
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Биылдан бастап өрт сөндірушілер мен төтенше жағдайды жоюға атсалысатын мамандар тұрғын үй төлемін алады. Президент тиісті заңға қол қойды. Ал министрлік нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге кірісті. Алдағы бір-екі айда тұрғын-үй төлемі беріле бастайды.
Sputnik Қазақстан заңның негізгі нормаларын ұсынады.
Ақшаны қалай жұмсауға болады
Заңға сәйкес, төтенше жағдайларды және апаттарды жоюға қатысатын мамандар, соның ішінде өрт сөндірушілер мен олардың отбасыларына тұрғын-үй төлемі беріледі. Атап айтқанда, бес адамнан тұратын отбасыға ең жоғары төлем 90 шаршы метрге дейін қарастырылған. Үйді жалға алу мерзімі – 8 жыл. Ал тұрғын үй төлемін тек үш мақсатқа жұмсауға рұқсат. Олар:
Бұдан бөлек, көтерме жәрдемақы да қарастырылған. Басқа жерге көшкен жағдайда жеке мүлікті тасымалдауға кеткен шығын өтеледі. Ал төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция кезінде апаттық-құтқару жұмыстарын атқарғаны үшін үш еселенген ақшалай төлем қарастырылып отыр.
Тұрғын үй төлемі тұрғылықты жерге және отбасы мүшелерінің санына қарай төленеді. Мәселен, Астанада бір адамға 92 мың, ал Өскемен қаласында 49 мың теңге қарастырылған. Осылайша төрт адамнан тұратын отбасыға 200-370 мың теңгенің тұрғын үй төлемі беріледі. 30 маусымда президент тиісті заңға қол қойды.
Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаевтың айтуынша, президент заңға қол қойғаннан кейін қажетті нормативтік-құқықтық актілер бекітіледі. Соның негізінде қаржы бөлінеді.
"Сөйтіп төлем тамызда немесе қыркүйекте берілсе де, 30 маусымнан бастап есептеледі", - деді Тұрсынбаев журналистерге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, азаматтық қорғаныс саласында жұмыс істейтін 18 мыңға жуық қызметкер тұрғын үй төлемін алады.
Заңда ерікті өрт сөндірушілерді қолдау шаралары да бар. Олар жарақат алған немесе ауырған жағдайда өтемақы төлемін алады.
Тұрғын үй төлеміне қатысты тағы бір өзгеріс бар. Бүгінде жұмыстан кететін әскери адамға және арнайы мемлекеттік орган қызметкерлеріне біржолғы тұрғын үй төлемі беріледі. Ал жаңа тәртіпке сәйкес, ондай төлемнің сомасы ипотека бойынша қалған қарыздың мөлшерін жабуға жететіндей болады. Сосын 20 жылдық еңбек тәжірибесі бар қызметкерлерге мемлекеттік қордан алған жалдамалы баспананы жекешелендіруге рұқсат беріледі.