https://sputnik.kz/20250713/almaty-oblysynda-quny-4-mlrd-tenge-bolatyn-zhana-balalar-uyi-ashyldy-55605666.html
Алматы облысында құны 4 млрд теңге болатын жаңа балалар үйі ашылды
Алматы облысында құны 4 млрд теңге болатын жаңа балалар үйі ашылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Қонаевта жаңа балалар үйінің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Алматы облысының әкімдігі. 13.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-13T11:36+0500
2025-07-13T11:36+0500
2025-07-13T11:36+0500
алматы облысы
https://sputnik.kz/img/07e9/07/0c/55603946_0:3:1080:611_1920x0_80_0_0_1f010ada506b0d332a131a169870267e.jpg
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Қонаевта жаңа балалар үйінің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Алматы облысының әкімдігі.Жаңа ғимаратқа Алматы қаласында орналасқан бұрынғы Балалар үйінің 171 баласы орналастырылады.Қонаев қаласындағы жаңа Балалар үйі жеке инвестордың қаржысы есебінен салынды. Жобаның жалпы құны – 4 млрд теңге.1963 жылы салынған ескі ғимарат 2024 жылы жүргізілген техникалық сараптама нәтижесінде апатты деп танылып, әрі қарай пайдалануға жарамсыз деп шешілді. Сараптама барысында тірек конструкцияларында жарықтар, инженерлік жүйелердің толық тозуы және сейсмикалық тұрақтылық талаптарына сәйкес келмеуі сынды күрделі ақаулар анықталды.Нысан қазіргі санитарлық, құрылыс және білім беру стандарттарына толық сай келеді. Мұнда кіші және ересек тәрбиеленушілерге арналған бөлек асханалар, спорт және акт залдары, оқу және ойын бөлмелері, психологиялық көмек кабинеттері мен кең әрі жайлы жатын бөлмелер қарастырылған.Көшіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі. Алдымен мектеп жасына дейінгі және кіші сынып тәрбиеленушілері – 61 бала көшіріледі. Ал мектеп жасындағы балалар тамыз айының соңына дейін жаңа мекенге қоныстанады. Алматы қаласындағы ескі ғимарат қаланың коммуналдық меншігіне беріледі.Айта кетейік, бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Инвестор Еңбекшіқазақ ауданында балаларға арналған шығармашылық орталық салу жобасын жариялады. Жаңа орталық өңірдегі ең ірі мекемелердің бірі болып, балалар мен жасөспірімдердің жан-жақты дамуына қосымша мүмкіндік береді.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/0c/55603946_93:0:1053:720_1920x0_80_0_0_bc786ad066bac70ead4af8b6b3aa286a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Қонаевта жаңа балалар үйінің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Алматы облысының әкімдігі.
Жаңа ғимаратқа Алматы қаласында орналасқан бұрынғы Балалар үйінің 171 баласы орналастырылады.
Қонаев қаласындағы жаңа Балалар үйі жеке инвестордың қаржысы есебінен салынды. Жобаның жалпы құны – 4 млрд теңге.
1963 жылы салынған ескі ғимарат 2024 жылы жүргізілген техникалық сараптама нәтижесінде апатты деп танылып, әрі қарай пайдалануға жарамсыз деп шешілді. Сараптама барысында тірек конструкцияларында жарықтар, инженерлік жүйелердің толық тозуы және сейсмикалық тұрақтылық талаптарына сәйкес келмеуі сынды күрделі ақаулар анықталды.
"Ескі ғимарат моральдық әрі физикалық тұрғыда ескірген. 1,8 млрд теңгеге жоспарланған күрделі жөндеу жобасы экономикалық тұрғыдан тиімсіз деп танылды. Сондықтан біз салмақты әрі жауапты шешім қабылдадық", – деді Алматы облысы Білім басқармасы басшысының орынбасары Ақмарал Атенбекова.
Нысан қазіргі санитарлық, құрылыс және білім беру стандарттарына толық сай келеді. Мұнда кіші және ересек тәрбиеленушілерге арналған бөлек асханалар, спорт және акт залдары, оқу және ойын бөлмелері, психологиялық көмек кабинеттері мен кең әрі жайлы жатын бөлмелер қарастырылған.
Көшіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі. Алдымен мектеп жасына дейінгі және кіші сынып тәрбиеленушілері – 61 бала көшіріледі. Ал мектеп жасындағы балалар тамыз айының соңына дейін жаңа мекенге қоныстанады. Алматы қаласындағы ескі ғимарат қаланың коммуналдық меншігіне беріледі.
Айта кетейік, бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Инвестор Еңбекшіқазақ ауданында балаларға арналған шығармашылық орталық салу жобасын жариялады. Жаңа орталық өңірдегі ең ірі мекемелердің бірі болып, балалар мен жасөспірімдердің жан-жақты дамуына қосымша мүмкіндік береді.