https://sputnik.kz/20250713/5-zhyldan-keyin-qazaqstanda-arbir-besinshi-tauar-onlayn-satyp-alynady--ministrlik-55608691.html
5 жылдан кейін Қазақстанда әрбір бесінші тауар онлайн сатып алынады – министрлік
5 жылдан кейін Қазақстанда әрбір бесінші тауар онлайн сатып алынады – министрлік
Sputnik Қазақстан
Қазақстан e-commerce секторында айтарлықтай өсім көрсетіп отыр 13.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-13T20:12+0500
2025-07-13T20:12+0500
2025-07-13T20:12+0500
электрондық үкімет
сауда
сауда орталығы
электронды сауда алаңдары
https://sputnik.kz/img/440/55/4405545_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_512f56384a390d33e6fa1600b1dd09bb.jpg
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. 5 жылдан кейін Қазақстанда әрбір бесінші тауар онлайн сатып алынады. Бұл туралы Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі Пәкістанда өтіп жатқан "Электронды коммерция арқылы логистика мен бизнеске қол жеткізу" халықаралық саммитінде мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Электрондық және биржалық сауда департаментінің директоры Ғалия-Бану Мейірбаева цифрлық шешімдерді енгізу сыртқы сауда операцияларының тиімділігін айтарлықтай арттыруға және клиенттік сервистің сапасын жақсартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.Оның айтуынша Қазақстан e-commerce секторында айтарлықтай өсім көрсетті. Соңғы бес жылда электронды сауда көлемі жеті есеге ұлғайып, 3,2 трлн теңгеге жетті, бұл бөлшек сауданың барлық көлемінің 14,1% құрайды.Басымдықтардың қатарында заңнаманы жетілдіру, халық үшін білім беру бастамаларын іске қосу, кәсіпкерлер үшін қаржылық қолдау шараларын енгізу және заманауи логистикалық инфрақұрылымды дамыту бар.Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және нарықтың барлық қатысушысы үшін тең жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.Спикер өз сөзінде Қазақстанның ДСҰ, БҰҰ, ШЫҰ, ЕАЭО секілді халықаралық алаңдарда трансшекаралық сауданы оңайлату және қолайлы цифрлық орта құру бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын еске салды.
https://sputnik.kz/20250109/qazaqstandyqtar-zhylzhymaytyn-mulikti-onlayn-satyp-alu-zhane-satu-mumkindigine-ie-bolady-49863122.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/440/55/4405545_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_fe18e064bf9eb935f2d3d8fe55246177.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
электрондық үкімет, сауда, сауда орталығы, электронды сауда алаңдары
электрондық үкімет, сауда, сауда орталығы, электронды сауда алаңдары
5 жылдан кейін Қазақстанда әрбір бесінші тауар онлайн сатып алынады – министрлік
Қазақстан e-commerce секторында айтарлықтай өсім көрсетіп отыр
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. 5 жылдан кейін Қазақстанда әрбір бесінші тауар онлайн сатып алынады. Бұл туралы Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі Пәкістанда өтіп жатқан "Электронды коммерция арқылы логистика мен бизнеске қол жеткізу" халықаралық саммитінде мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Электрондық және биржалық сауда департаментінің директоры Ғалия-Бану Мейірбаева цифрлық шешімдерді енгізу сыртқы сауда операцияларының тиімділігін айтарлықтай арттыруға және клиенттік сервистің сапасын жақсартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Оның айтуынша Қазақстан e-commerce секторында айтарлықтай өсім көрсетті. Соңғы бес жылда электронды сауда көлемі жеті есеге ұлғайып, 3,2 трлн теңгеге жетті, бұл бөлшек сауданың барлық көлемінің 14,1% құрайды.
"Саланың әрі қарай өсу әлеуеті зор. Бізде жоғары цифрлық қолжетімділік, дамыған финтех-инфрақұрылым және 8 миллионнан астам белсенді пайдаланушы, яғни жастар бар. Біз 5 жылдан кейін әрбір бесінші сатып алу онлайн режимінде жүзеге асырылады деп жоспарлап отырмыз. Ол үшін биылғы жылдың наурыз айында электронды сауданы дамыту жоспары бекітілді", - деп атап өтті Ғалия-Бану Мейірбаева.
Басымдықтардың қатарында заңнаманы жетілдіру, халық үшін білім беру бастамаларын іске қосу, кәсіпкерлер үшін қаржылық қолдау шараларын енгізу және заманауи логистикалық инфрақұрылымды дамыту бар.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және нарықтың барлық қатысушысы үшін тең жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Спикер өз сөзінде Қазақстанның ДСҰ, БҰҰ, ШЫҰ, ЕАЭО секілді халықаралық алаңдарда трансшекаралық сауданы оңайлату және қолайлы цифрлық орта құру бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын еске салды.