"Күміс жас" жобасы аясында 12 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты

© Photo : СС0 / StockSnapКомпьютерная мышь
Компьютерная мышь - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2025
Жазылу
Бұл жобаға 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар зейнеткерлік жасқа толғанға дейін қатыса алады
АСТАНА, 12 шілде – Sputnik. Жыл басынан бері "Күміс жас" жобасы аясында 12,4 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Биыл осы бағыт бойынша барлығы 23,8 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда.
"Күміс жас" жобасы бойынша жұмысқа орналасқандар:
Алматы облысында – 1 118 адам,
Жамбыл облысында – 1 032 адам,
Ақтөбе облысында – 1 007 адам,
Қарағанды облысында – 1 004 адам
Жетісу облысында – 1 040 адам.
Бұл жобаға 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар зейнеткерлік жасқа толғанға дейін қатыса алады. Жобаға қатысу үшін мансап орталығына өтініш беру қажет.
"Күміс жас" жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші зейнеткерлік жасқа толмаған адамды кемінде 1 жыл мерзімге тұрақты жұмыс орнына, сондай-ақ зейнеталды жастағы адамды зейнеткерлікке шыққанға дейін жұмысқа орналастыруға міндетті, дейді министрлік.
Жаңалықтар
0