https://sputnik.kz/20250712/germaniya-ukraina-ushin-alysqa-ushatyn-zymyrandardy-qarzhylandyruga-alandauly-55599717.html
Германия Украина үшін алысқа ұшатын зымырандарды қаржыландыруға алаңдаулы
Германия Украина үшін алысқа ұшатын зымырандарды қаржыландыруға алаңдаулы
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 шілде – Sputnik. "Сахра Вагенкнехттің парасаттылық және әділеттілік одағы" партиясының жетекшісі Сара Вагенкнехт Украина Еуропадағы үлкен соғыс... 12.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-12T18:42+0500
2025-07-12T18:42+0500
2025-07-12T18:42+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/16/29625837_0:67:3075:1796_1920x0_80_0_0_0b68a99a3213f968a339210ce42824d4.jpg
АСТАНА, 12 шілде – Sputnik. "Сахра Вагенкнехттің парасаттылық және әділеттілік одағы" партиясының жетекшісі Сара Вагенкнехт Украина Еуропадағы үлкен соғыс қаупін жақындататын Германия қаржыландыратын қарудың көмегімен Ресей аумағының тереңіндегі нысандарға шабуыл жасай алады деген мәлімдемесін шиеленістің жаңа кезеңі деп атады,. Бұл туралы Риа Новости жазады.Бұған дейін Германия Қорғаныс министрлігінде Украина бойынша арнайы штабты басқаратын және Киевке әскери көмек көрсетуді үйлестіретін генерал-майор Кристиан Фройдинг Германия қаржыландыратын алғашқы украиналық алысқаұшатын зымырандары шілде айының соңына қарай келетінін айтқан. Ол Украинаға "Ресей аумағының тереңіндегі нысандарға: қоймаларға, командалық пункттерге, аэродромдар мен ұшақтарға соққы бере алатын зымыран жүйелері" қажет екенін және Германия Киевке мұндай зымырандарды алу үшін қаржылық қолдау көрсететінін атап өтті.Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіріп, оған НАТО елдерін тікелей тартуда деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ бар кез келген жүк Ресей үшін заңды нысана болатынын атап өтті.* Ресейде иноагент қызметін атқаратын және қажетсіздеп танылған БАҚ
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/16/29625837_68:0:2799:2048_1920x0_80_0_0_5b364d7aff180e96688ff2cd3454b44f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина
Германия Украина үшін алысқа ұшатын зымырандарды қаржыландыруға алаңдаулы
АСТАНА, 12 шілде – Sputnik. "Сахра Вагенкнехттің парасаттылық және әділеттілік одағы" партиясының жетекшісі Сара Вагенкнехт Украина Еуропадағы үлкен соғыс қаупін жақындататын Германия қаржыландыратын қарудың көмегімен Ресей аумағының тереңіндегі нысандарға шабуыл жасай алады деген мәлімдемесін шиеленістің жаңа кезеңі деп атады,. Бұл туралы
Риа Новости жазады.
Бұған дейін Германия Қорғаныс министрлігінде Украина бойынша арнайы штабты басқаратын және Киевке әскери көмек көрсетуді үйлестіретін генерал-майор Кристиан Фройдинг Германия қаржыландыратын алғашқы украиналық алысқаұшатын зымырандары шілде айының соңына қарай келетінін айтқан. Ол Украинаға "Ресей аумағының тереңіндегі нысандарға: қоймаларға, командалық пункттерге, аэродромдар мен ұшақтарға соққы бере алатын зымыран жүйелері" қажет екенін және Германия Киевке мұндай зымырандарды алу үшін қаржылық қолдау көрсететінін атап өтті.
"Бұл мәлімдемелер өте қауіпті. Украинаның енді Германия қаржыландыратын қару-жарақпен Ресей аумағының тереңіндегі нысандарға шабуыл жасай алатыны – бізді Ресеймен кең ауқымды соғысқа жақындата түсетін шиеленістің жаңа кезеңі. Қандай қорқынышты ессіздік! Үлкен еуропалық соғысқа қарай келесі қадам", - деп жазды Вагенкнехт X* әлеуметтік желісінде.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіріп, оған НАТО елдерін тікелей тартуда деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ бар кез келген жүк Ресей үшін заңды нысана болатынын атап өтті.
* Ресейде иноагент қызметін атқаратын және қажетсіздеп танылған БАҚ