https://sputnik.kz/20250712/abay-oblysynda-sot-sheshimin-qasaqana-oryndamagan-adam-bas-bostandygynan-ayyryluy-mumkin-55586161.html
Абай облысында сот шешімін қасақана орындамаған адам бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Абай облысында сот шешімін қасақана орындамаған адам бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
Аудан тұрғыны соттың 61 миллион теңге көлеміндегі қарызды өтеу туралы шешімін орындаудан жалтаруды көздеген 12.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-12T11:17+0500
2025-07-12T11:17+0500
2025-07-12T11:17+0500
абай облысы
сот
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/1e/15613523_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_66bac4d85df90c0a7e9ac05eb5fd705c.jpg
АСТАНА, 12 шілде – Sputnik. Абай облысы Үржар ауданының прокуратурасы мемлекет пайдасына өндіріп алу туралы сот шешімін қасақана орындамау дерегін анықтады, деп хабарлады бас прокуратура.Аудан тұрғыны соттың 61 миллион теңге көлеміндегі қарызды өтеу туралы шешімін орындаудан жалтаруды көздеген. Ол осы мақсатта жалпы құны 12,5 миллион теңгені құрайтын тұрғын үйі мен ауыл шаруашылығы техникасын басқа тұлғаларға рәсімдеген.Аталған мәмілелер жалған сот актілері негізінде, сот орындаушыларының қатысуынсыз жүзеге асырылған. Түскен қаражатты борышкер мәжбүрлі өндіріп алу рәсімін айналып өтіп, жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.Осы дерек бойынша аудан прокуратурасы ҚР ҚК 430-бабының 3-бөлігі (сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.Аталған баптың санкциясы бес жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
абай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/1e/15613523_374:0:2625:1688_1920x0_80_0_0_88f3913a07c06d399bd9f6dbc5981ed5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
абай облысы, сот
Абай облысында сот шешімін қасақана орындамаған адам бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Аудан тұрғыны соттың 61 миллион теңге көлеміндегі қарызды өтеу туралы шешімін орындаудан жалтаруды көздеген
АСТАНА, 12 шілде – Sputnik. Абай облысы Үржар ауданының прокуратурасы мемлекет пайдасына өндіріп алу туралы сот шешімін қасақана орындамау дерегін анықтады, деп хабарлады
бас прокуратура.
Аудан тұрғыны соттың 61 миллион теңге көлеміндегі қарызды өтеу туралы шешімін орындаудан жалтаруды көздеген. Ол осы мақсатта жалпы құны 12,5 миллион теңгені құрайтын тұрғын үйі мен ауыл шаруашылығы техникасын басқа тұлғаларға рәсімдеген.
Аталған мәмілелер жалған сот актілері негізінде, сот орындаушыларының қатысуынсыз жүзеге асырылған. Түскен қаражатты борышкер мәжбүрлі өндіріп алу рәсімін айналып өтіп, жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.
Осы дерек бойынша аудан прокуратурасы ҚР ҚК 430-бабының 3-бөлігі (сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Аталған баптың санкциясы бес жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.