https://sputnik.kz/20250711/tarazda-tramadoldyn-zansyz-aynalymyn-uyymdastyrgandar-anyqtaldy-55569122.html
Таразда трамадолдың заңсыз айналымын ұйымдастырғандар анықталды
Таразда трамадолдың заңсыз айналымын ұйымдастырғандар анықталды
Sputnik Қазақстан
Осы құқық бұзушылыққа қатысы бар деген күдікпен Жамбыл облысының екі тумасы ұсталды 11.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-11T13:43+0500
2025-07-11T13:43+0500
2025-07-11T13:43+0500
тараз
дәрі-дәрмек
https://sputnik.kz/img/07e9/01/0b/49894437_0:366:974:914_1920x0_80_0_0_3393efac0112bc1075d337db69733bea.jpg
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Таразда трамадолдың заңсыз айналымы және психотроптық пен есірткі заттарды медициналық мақсатта қолдану саласындағы бұзушылықтар анықталды, деп хабарлады бас прокуратура.Атап айтқанда, Алматы қаласынан Тараз қаласы мен Байзақ ауданына трамадолды заңсыз өткізу мақсатында жеткізіп отырған өзара туыстық қатынастағы тұлғалар анықталды.Қаладағы дәріханалардың бірінде жүргізілген тінту барысында заңсыз өткізуге арналған құрамында трамадол бар сұйықтық құйылған флакондар тәркіленді.Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.Қосымша, прокурорлық тексеріс нәтижесінде қалалық аурухалардың бірі науқастардың қажеттілігіне қарамастан сатып алмағаны анықталды.Сондай-ақ, қаладағы емханалардың бірінде жүргізілген тексеру нәтижесімен трамадолды пайдалану бойынша тиісті есептің жүргізілмегені анықталды, бұл оның заңсыз айналымына алғышарттар жасайды, дейді прокурорлар.
https://sputnik.kz/20250624/aleumettik-zhelide-bingo-oyynyn-uyymdastyrgan-er-adam-sottaldy-55062487.html
тараз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/0b/49894437_0:275:974:1006_1920x0_80_0_0_a6848a2f7c0d7ce83deea7a5990a48cc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тараз, дәрі-дәрмек
Таразда трамадолдың заңсыз айналымын ұйымдастырғандар анықталды
Осы құқық бұзушылыққа қатысы бар деген күдікпен Жамбыл облысының екі тумасы ұсталды
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Таразда трамадолдың заңсыз айналымы және психотроптық пен есірткі заттарды медициналық мақсатта қолдану саласындағы бұзушылықтар анықталды, деп хабарлады
бас прокуратура.
Атап айтқанда, Алматы қаласынан Тараз қаласы мен Байзақ ауданына трамадолды заңсыз өткізу мақсатында жеткізіп отырған өзара туыстық қатынастағы тұлғалар анықталды.
Қаладағы дәріханалардың бірінде жүргізілген тінту барысында заңсыз өткізуге арналған құрамында трамадол бар сұйықтық құйылған флакондар тәркіленді.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
"Көрсетілген құқық бұзушылыққа қатысы бар деген күдікпен Жамбыл облысының екі тумасы ұсталып, оларға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта осы іске қатысы бар басқа да адамдарды анықтап, жауапкершілікке тарту мақсатында жедел-іздестіру және тергеу шаралары жалғасып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Қосымша, прокурорлық тексеріс нәтижесінде қалалық аурухалардың бірі науқастардың қажеттілігіне қарамастан сатып алмағаны анықталды.
Сондай-ақ, қаладағы емханалардың бірінде жүргізілген тексеру нәтижесімен трамадолды пайдалану бойынша тиісті есептің жүргізілмегені анықталды, бұл оның заңсыз айналымына алғышарттар жасайды, дейді прокурорлар.