ШЫҰ елдері арасындағы тауар айналымы 1 трлн долларға жуықтады

Жүк пойызы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2025
Жазылу
Өзара сауда өсімі 30%-ке жетті
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өнеркәсіп министрлерінің отырысында экономикалық ынтымақтастықтың қорытындысы шығарылды.
Шарада Ресей өнеркәсіп және сауда министрі Антон Алиханов мәлім еткендей, соңғы екі жылда ШЫҰ елдері арасындағы тауар айналымы 30 пайызға артып, 1 триллион долларға жақындады.
"2024 жылдың қорытындысы бойынша жиынтық ЖІӨ дүниежүзілік ішкі жалпы өнімнің төрттен бір бөлігін (23,3%) құрады, бұл 24,6 трлн долларды құрайды. Былтыр тікелей шетелдік инвестицияның ағыны 84 миллиард доллардан асты", - деді Әлиханов.
Ол ШЫҰ мен ЕАЭО арасында өзара тиімді диалог орнатуды ұсынып, бұл "біздің елдеріміздің сауда-экономикалық және ынтымақтастық әлеуетін айтарлықтай арттыратынын" айтты.
Ресей министрінің идеясын ЕЭК өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі алқа мүшесі Гоар Барсегян қолдады.
Біз ШЫҰ елдерімен салалық бастамаларды ілгерілетуге, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және технологиялық тәжірибе алмасуға мүдделіміз, деді ол.
Жаңалықтар
0