Мүлкіне және елден шығуға тыйым салынды: алматылықтар ыстық су үшін 2 млрд теңге қарыз

Алматы жылу тұтынушыларының пайдаланған ыстық су мен жылу үшін жиынтық қарызы шамамен 2 млрд теңге
Алматы жылу тұтынушыларының пайдаланған ыстық су мен жылу үшін жиынтық қарызы шамамен 2 млрд теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2025
Жазылу
926 борышкердің мүлкіне тыйым салынып, 822 банк шоты бұғатталды
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Алматының коммуналдық қызметі жылу қуаты үшін қарызды өндіріп алу шараларын күшейтіп жатыр, деп хабарлады Алматы қаласының әкімдігі.
Қарыз туралы бірнеше рет ескерту алғанына қарамастан, тұтынушылардың бір бөлігі коммуналдық қызметті жеткізушінің заңды талаптарын елемей жатыр, дейді әкімдіктегілер.
"Биыл жыл басынан бері Алматыда жылу энергиясы үшін төлем жасамаған 600-ден астам абонентке ыстық су беру шектелген. Сонымен қатар заңды тұлғаларға сотқа дейінгі 3345 талап жіберілді", - деп жазылған хабарламада.
Жылумен және ыстық сумен жабдықтау үшін қарызы бар 5184 тұрғыннан қарызды өндіріп алу бойынша жұмыс жүргізілді. Ол үшін сотқа талап-арыз берілді, сондай-ақ нотариустарға атқарушылық жазбалар жасау үшін арыздар жіберілді.
Бүгінде сот орындаушылары қарызды өндіріп алу бойынша іс-шараларды жалғастырып жатыр. Коммуналдық қызметке төлем жасамаған 1 754 борышкерге қатысты шектеу шаралары қабылданды:
926 борышкердің мүлкіне тыйым салынды (жылжитын және жылжымайтын);
822 банктік шот бұғатталды;
254 борышкерге қатысты Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға тыйым салынды;
144 азаматтың жалақысы мен өзге де табысынан берешек ұсталды.
Ресми ақпаратқа сәйкес, бүгінде Алматы жылу тұтынушыларының пайдаланған ыстық су мен жылу үшін жиынтық қарызы шамамен 2 млрд теңге. Осыған қатысты "Алматы жылу жүйесі" ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырды.
Көшет егу жұмыстары - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2025
Алматыда 53 мыңнан астам ағаш отырғызылады
Жаңалықтар
0