Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Курск облысының мыңға жуық тұрғыны із-түзсіз жоғалып кеткен

© Sputnik / Медиабанкке өтуСуджа после освобождения российскими военными от ВСУ
Суджа после освобождения российскими военными от ВСУ - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2025
Жазылу
Хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде екі мың адам бар
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Курск облысының із-түзсіз жоғалған мыңға жуық тұрғынының тағдыры әлі анықталған жоқ, деп хабарлады РИА Новостиге берген сұхбатында Ресейдің адам құқықтары жөніндегі уәкілі Татьяна Москалькова.
"Украинадан оралған соң атқарған жұмысымыздың нәтижесінде Сумнан 100-ден астам адам оралды. Хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде екі мың адам болды. Бүгінгі күні мыңға жуық адамның тағдыры әлі белгісіз", - деді ол.
Москалькова жоғалған Курск тұрғындарының толық тізімін Украина Жоғарғы Радасының адам құқықтары жөніндегі уәкілі Дмитрий Лубинецке және халықаралық Қызыл Крест комитетіне жібергенін айтты.
"Біз іздеуді жалғастырамыз және оларды тірі табуға үміттіміз", - деді ол.
Өткен жылдың 6 тамызында таңертең украиналық әскер Курск облысына басып кірді. Олардың алға қарай жылжуы тоқтатылды. Наурыз айының басында ресейлік әскер шабуылға шығып, бірнеше күннің ішінде 1100 шаршы шақырымдай аумақты азат еткен. Жалпы шабуыл басталғаннан бері 60-тан астам елді мекендһ қайтарылған.
Киев - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Москалькова: Украина бейбіт тұрғындарды ешбір шартсыз қайтаруы керек
Жаңалықтар
0