Бакудегі ресейліктерді өздері таңдаған адвокаттар қорғауы керек – Москалькова

© Photo : Уполномоченный по правам человека в КазахстанеВстреча омбудсменов Казахстана и России Ластаева и Москальковой
Встреча омбудсменов Казахстана и России Ластаева и Москальковой - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2025
Жазылу
Оның пікірінше, Әзербайжанда ресейліктерді ұстау кезінде шектен тыс қатаң шаралар қолданылған
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Әзербайжанда ұсталған Ресей азаматтарының өздері таңдаған адвокаттары болғаны маңызды, деп мәлімдеді Ресейдің адам құқықтары жөніндегі уәкілі Татьяна Москалькова.
"Әріптесім, Әзербайжан омбудсмені Сабина Әлиева менің тексеру жүргізіп, көмек көрсету туралы өтінішімді алғанын хабарлады. Бірақ тексеру нәтижесі туралы әлі ақпарат берген жоқ. Біздің азаматтардың өз таңдауы бойынша адвокаттары болуы керек. Бұл консулдық көмек толық көлемде көрсетілуі үшін өте маңызды. Әзербайжандық әріптесім бұл мәселелерді шешудің жолын табады деп сенемін", - деп мәлімдеді Москалькова РИА Новости агенттігінің сауалына жауап бере отырып.
Оның пікірінше, Әзербайжанда ресейліктерді ұстау кезінде шектен тыс қатаң шаралар қолданылған.

"Мен әділетсіз және халықаралық құқыққа қайшы деп санайтын шектен тыс, жария, тым жария, тым қатал шараларды қолдануға болмайды деп есептеймін. Әділетсіздік пен заңсыздықты жою керек", - деді Москалькова.

30 маусымда Әзербайжан билігі Sputnik Әзербайжан агенттігінің жеті қызметкерін, оның ішінде Ресей азаматтары – редакция басшысы Игорь Картавых пен шеф-редактор Евгений Белоусовты ұстады.
1 шілдеде әзірбайжандық БАҚ Бакуде сегіз Ресей азаматының ұсталғанын хабарлады, Әзербайжан тарапының мәліметінше, олардың Ираннан есірткі тасымалдауға және киберқылмыстарға қатысы бар, олар төрт айға қамауға алынды.
Жаңалықтар
0