https://sputnik.kz/20250710/zhol-zhondeu-kezinde-normadan-auytqygan-akkreditteu-ortalygyna-qomaqty-ayyppul-salyndy-55525302.html
Жол жөндеу кезінде нормадан ауытқыған аккредиттеу орталығына қомақты айыппұл салынды
Жол жөндеу кезінде нормадан ауытқыған аккредиттеу орталығына қомақты айыппұл салынды
Sputnik Қазақстан
Сонымен қатар аккредиттеу аттестатының қолданылуы 6 ай мерзімге тоқтатылды 10.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-10T08:38+0500
2025-07-10T08:38+0500
2025-07-10T08:38+0500
жол
қарағанды
айыппұл
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0f/52488789_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_0d61260250999d625eb1f8d99192754c.jpg
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Аккредиттелген зертханаға жол материалдарын сынау нормаларын бұзғаны үшін 3,6 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлады сауда және интеграция министрлігі.Қарағанды облысы Бұқар-Жырау ауданы прокуратурасы "Центргеоланалит" ЖШС аккредиттелген сынақ зертханасының қызметіне байланысты заң бұзушылықтарды анықтады.Сынақ жүргізу барысында зертхана аккредиттеу саласына кірмейтін нормативтік құжатқа сілтеме жасаған, бұл сынақ хаттамаларымен расталады.Осы фактіге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бойынша іс қозғалып, жауапты тарап жауапкершілікке тартылды.Кәсіпорынға 3 656 760 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар аккредиттеу аттестатының қолданылуы 6 ай мерзімге тоқтатылды.
қарағанды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0f/52488789_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_9a505ba969e6f2cec71da1cfd8e1c93e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол, қарағанды, айыппұл
Жол жөндеу кезінде нормадан ауытқыған аккредиттеу орталығына қомақты айыппұл салынды
Сонымен қатар аккредиттеу аттестатының қолданылуы 6 ай мерзімге тоқтатылды
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Аккредиттелген зертханаға жол материалдарын сынау нормаларын бұзғаны үшін 3,6 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлады сауда және интеграция
министрлігі.
Қарағанды облысы Бұқар-Жырау ауданы прокуратурасы "Центргеоланалит" ЖШС аккредиттелген сынақ зертханасының қызметіне байланысты заң бұзушылықтарды анықтады.
"Зертхана 2023 жылы автомобиль жолдарын салу және жөндеу кезіндегі заңдылықты сақтамаған. Яғни, керндерді сынау кезінде белгіленген нормалардан ауытқыған", - деп жазылған хабарламада.
Сынақ жүргізу барысында зертхана аккредиттеу саласына кірмейтін нормативтік құжатқа сілтеме жасаған, бұл сынақ хаттамаларымен расталады.
Осы фактіге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бойынша іс қозғалып, жауапты тарап жауапкершілікке тартылды.
Кәсіпорынға 3 656 760 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар аккредиттеу аттестатының қолданылуы 6 ай мерзімге тоқтатылды.