https://sputnik.kz/20250710/sportshylarga-dini-ustanymyn-ashyq-korsetuge-tyyym-salyndy-55535418.html
Спортшыларға діни ұстанымын ашық көрсетуге тыйым салынды
Спортшыларға діни ұстанымын ашық көрсетуге тыйым салынды
Sputnik Қазақстан
Спортшылар әнұранның музыкалық редакциясын және мәтінін білуге мідеттеледі 10.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-10T15:54+0500
2025-07-10T15:54+0500
2025-07-10T15:54+0500
спортшы
дін
дін істері
https://sputnik.kz/img/242/43/2424347_0:140:3145:1909_1920x0_80_0_0_44eb23725294ab63bb89d4ab4d050223.jpg
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Қазақстанда спортшыларға діни ұстанымын ашық көрсетуге тыйым салынды. Туризм және спорт министрінің тиісті бұйрығы келесі аптада күшіне енеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бұйрықпен спортшылар, жаттықтырушылар мен төрешілерге қатысты негізгі әдеп нормалары бекітілді. Соның ішінде қоғамдық орындарда алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық мас күйде жүрмеу, марапаттау рәсімдері өтетін жерлерде саяси шерулерге қатыспау, мемлекеттік әнұранның музыкалық редакциясын және мәтінін білу және тағы басқа талаптар бар. Былапыт сөздер мен діни көзқарасты білдіруге қатысты нақты шектеулер де көрсетілген. Олар:Министрдің бұйрығы 19 шілдеде қолданысқа енгізіледі.
https://sputnik.kz/20250703/muftiyat-niqabqa-tyyym-saluga-qatysty-oz-ustanymyn-zhariyalady-55340336.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/242/43/2424347_206:0:2937:2048_1920x0_80_0_0_96a3537daefed48669cb29b90ce300f2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
спортшы, дін, дін істері
Спортшыларға діни ұстанымын ашық көрсетуге тыйым салынды
Спортшылар әнұранның музыкалық редакциясын және мәтінін білуге мідеттеледі
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Қазақстанда спортшыларға діни ұстанымын ашық көрсетуге тыйым салынды. Туризм және спорт министрінің тиісті бұйрығы келесі аптада күшіне енеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Бұйрықпен спортшылар, жаттықтырушылар мен төрешілерге қатысты негізгі әдеп нормалары бекітілді. Соның ішінде қоғамдық орындарда алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық мас күйде жүрмеу, марапаттау рәсімдері өтетін жерлерде саяси шерулерге қатыспау, мемлекеттік әнұранның музыкалық редакциясын және мәтінін білу және тағы басқа талаптар бар.
Былапыт сөздер мен діни көзқарасты білдіруге қатысты нақты шектеулер де көрсетілген. Олар:
спорттық іс-шара кезінде немесе одан кейін былапыт сөздер мен нормативтік емес лексиканы, қорлау қимылдарын пайдаланбау;
ым тілі мен мимиканы қоса алғанда, жазбаша немесе ауызша түрде спорттық іс-шараны өткізу алдында, өткізу кезінде және (немесе) өткізгеннен кейін қандай да бір адамға қауіп төндірмеу;
командада өзінің діни нанымын ашық көрсетуге және басқа адамдарды діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға және миссионерлік қызметпен айналысуға мәжбүр етпеу.
Министрдің бұйрығы 19 шілдеде қолданысқа енгізіледі.