https://sputnik.kz/20250710/shymkentte-19-zhastagy-zhigit-tanysyn-oltirip-mayitin-qorlagan-55538696.html
Шымкентте 19 жастағы жігіт танысын өлтіріп, мәйітін қорлаған
Шымкентте 19 жастағы жігіт танысын өлтіріп, мәйітін қорлаған
Sputnik Қазақстан
Сот оған 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті 10.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-10T21:57+0500
2025-07-10T21:57+0500
2025-07-10T22:08+0500
сот
шымкент
мәйіт
мәйітхана
зорлау
зорлық-зомбылық
https://sputnik.kz/img/725/89/7258949_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_79cb8acdfefbb005786bb9a07b6a735e.jpg
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Шымкентте танысын өлтіріп, мәйітін қорлаған 19 жастағы жігітке сот үкімі шықты, деп хабарлады қалалық сот.Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 14) тармағымен, 314-бабының 1-бөлігімен айыпталған Т.-ға және ҚК-нің 432-бабымен айыпталған кәмелет жасына толмаған С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.Содан жасаған қылмысының ізін жасыру мақсатында Т. кәмелет жасына толмаған танысы С.-дан жәбірленушінің мәйітін жасыруға көмектесуін сұраған. Олар жәбірленушінің мәйітін басқа жерге апарып тастаған.Сот Т.-ның кінәсін ішінара мойындағанын, бұрын сотты болмағанын, жас екенін (19 жаста), ал С.-ның кінәсін мойындағанын, шын көңілден өкінгенін, кәмелетке толмағанын, 3 топтағы мүгедек екенін жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырды, ал сотталушылардың жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталмады.Сот Т.-ны ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 14) тармағымен, 314-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған түпкілікті 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.С.-ны ҚК-нің 432-бабымен кінәлі деп танып, оған 2 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза кесті, рақымшылық актісін қолдана отырып, бас бостандығын шектеу жазасын 1 жыл 4 айға дейін қысқартты.Үкім әлі заңды күшіне енбеді.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/725/89/7258949_292:0:1856:1173_1920x0_80_0_0_94442ccd493a0823a5b4150b3028a970.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сот, шымкент, мәйіт, мәйітхана, зорлау, зорлық-зомбылық
сот, шымкент, мәйіт, мәйітхана, зорлау, зорлық-зомбылық
Шымкентте 19 жастағы жігіт танысын өлтіріп, мәйітін қорлаған
21:57 10.07.2025 (жаңартылды: 22:08 10.07.2025) Сот оған 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Шымкентте танысын өлтіріп, мәйітін қорлаған 19 жастағы жігітке сот үкімі шықты, деп хабарлады қалалық сот.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 14) тармағымен, 314-бабының 1-бөлігімен айыпталған Т.-ға және ҚК-нің 432-бабымен айыпталған кәмелет жасына толмаған С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
"2025 жылдың 12 наурызында Т. жанжал барысында өзінің танысы Е.-ні өлтіріп, одан кейін өлген адамның мәйітін қорлаған", - деп жазылған хабарламада.
Содан жасаған қылмысының ізін жасыру мақсатында Т. кәмелет жасына толмаған танысы С.-дан жәбірленушінің мәйітін жасыруға көмектесуін сұраған. Олар жәбірленушінің мәйітін басқа жерге апарып тастаған.
Сот Т.-ның кінәсін ішінара мойындағанын, бұрын сотты болмағанын, жас екенін (19 жаста), ал С.-ның кінәсін мойындағанын, шын көңілден өкінгенін, кәмелетке толмағанын, 3 топтағы мүгедек екенін жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырды, ал сотталушылардың жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталмады.
Сот Т.-ны ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 14) тармағымен, 314-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған түпкілікті 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.
С.-ны ҚК-нің 432-бабымен кінәлі деп танып, оған 2 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза кесті, рақымшылық актісін қолдана отырып, бас бостандығын шектеу жазасын 1 жыл 4 айға дейін қысқартты.
Үкім әлі заңды күшіне енбеді.