Ер адам министрліктер үйіне өрт қойды

© Sputnik / Санат ИмангалиевМинистрліктегілер үйі
Министрліктегілер үйі - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2025
Жазылу
Күдіктіні полиция дереу қолға түсірген
АСТАНА, 10 шілде - Sputnik. Астанада 24 жастағы жігіт министрліктер үйіне өрт қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиға бүгін таңертең болған. Министрліктер үйінің кіреберістерінің бірінде автоматты өрт дабылы аяқ асты іске қосылған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жедел жеткен.
"Белгісіз ер адам ғимаратқа кіріп, жанғыш қоспаны турникетке лақтырған. Салдарынан шамамен 2 шаршы метр аумақта өрт шықты. Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт сөндіргіштің көмегімен толығымен жойылды", - дейді Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті.
Тілсіз жаудан ешкім зардап шекпеген.
Ал өрт қойған жігіт 24 жаста. Күдіктіні полиция дереу қолға түсірген.
"Министрліктер үйінің кіреберісін өртеп жіберген 24 жастағы азаматты анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды. Болған оқиғаның барлық жағдайлары анықталатын болады", - дейді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2025
Атырау облысындағы өрт толық сөндірілді
Жаңалықтар
0