Қазақстанда суперкомпьютер іске қосылды

© Photo : Пресс-служба президента Казахстана Тоқаев суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты
Тоқаев суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2025
Жазылу
Жаңа суперкомпьютер есептеу қуаты жағынан Орталық Азия өңіріндегі ең үздігі саналады
АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы Alemcloud Ұлттық суперкомпьютер орталығына барып, NVIDIA H200 графикалық процессорлары базасында жасақталған суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты.
© Photo : Пресс-служба президента Казахстана Тоқаев суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты
Токаев принял участие в запуске суперкомпьютера  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2025
Тоқаев суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты
Жаңа дата-орталықтағы жүйені Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі халықаралық серіктестермен бірге орнатып, пайдалануға берді.
"Жаңа суперкомпьютер кластері FP8 форматында есептеу әдістемесі бойынша 2 экзафлопсқа дейінгі өнімділікті қамтамасыз ете алады. Есептеу қуаты жағынан Орталық Азия өңіріндегі ең үздігі саналады", - деп жазылған хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев суперкомпьютердің іске қосылуы еліміздегі негізгі салаларды цифрландыратын маңызды қадам екенін атап өтті. Бұл Қазақстанның цифрлық технологияларды дамытуда айтарлықтай өркендеуіне ықпал етеді.
© Photo : Пресс-служба президента Казахстана

Тоқаев суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты

Тоқаев суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты - Sputnik Қазақстан
1/2

2/2

Тоқаев суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты

1/2

Тоқаев суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты

2/2

Тоқаев суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты

Суперкомпьютердің есептеу қуатын нейрожелі шешімдерін әзірлеумен айналысатын стартаптар, университеттер мен ғылыми орталықтар, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен жеке компаниялар пайдалана алады.
Жаңалықтар
0