Қазақстанда биыл 300 млн литрден астам минералды су өндірілді

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуБутылки с минеральной водой, архивное фото
Бутылки с минеральной водой, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2025
Жазылу
Бір жыл бұрын өндіріс көлемі 12,1%-ға өскен
АЛМАТЫ, 9 шілде – Sputnik. Қазақстанда биыл қаңтар – мамыр айларында 301,6 млн литр минералды және газдалған су өндірілді, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5%-ға аз, деп хабарлайды Energyprom.kz.
Бір жыл бұрын өндіріс көлемі 12,1%-ға өскен. Сонымен қатар 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында басқа алкогольсіз сусындар өндірісі 9,2%-ға өсіп, 1,1 млрд литрден асты.
Отандық зауыттар биылғы жылдың қаңтар-сәуірінде минералды су мен алкогольсіз сусындарға сұранысты (ішкі нарықтағы сатуды қоса алғанда экспортты) 90,3%-ға қамтамасыз етті.
"Өндіріс бір жылда 7,3%-ға, 1,1 млрд литрге дейін өсті, ал импорт 12,9%-ға, 116,8 млн литрге дейін азайды", - деп жазылған хабарламада.
Минералды су мен алкогольсіз сусындар экспорты мен реэкспорты 135,6 млн литрді құрады, бұл 2024 жылғы қаңтар-сәуірдегіден 2,1%-ға артық. Ішкі нарықтағы сатылым көлемі 5,3%-ға өсіп, 1,1 млрд литрге жетті.
Биыл маусым айының қорытындысы бойынша минералды және ауыз су 1,8%-ке, ал салқындатқыш сусындар бір айда 1%-ке қымбаттады.
Айта кетері, минералды және ауыз судың бағасы 68 айдан бері, ал алкогольсіз сусындар 43 ай қатарынан қымбаттаумен келеді. Сонымен қатар салқындатқыш сусындардың бағасы 2013 жылдың қазан айынан бастап, ал минералды және ауыз су 2011 жылдың қаңтарынан төмендеген жоқ. Жылдық динамикада минералды және ауыз су 16,7%-ке, ал салқындатқыш сусындар 12,4%-ке қымбаттады.
Газдалған сусын - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2023
Газдалған сусындар мен сағыздың құрамында ағзаға қауіпті зат бар – ДДСҰ
Жаңалықтар
0