https://sputnik.kz/20250709/perizat-qayrattyn-soty-ashyq-ote-me--sot-qaulysy-zhariyalandy-55511260.html
Перизат Қайраттың соты ашық өте ме – сот қаулысы жарияланды
Перизат Қайраттың соты ашық өте ме – сот қаулысы жарияланды
Sputnik Қазақстан
Сот отырыстары ашық өтеді, бірақ бірқатар шектеу болады 09.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-09T16:18+0500
2025-07-09T16:18+0500
2025-07-09T16:31+0500
перизат қайрат
сот отырысы
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/0d/49264745_45:34:771:442_1920x0_80_0_0_1801fb765843cf5418cb1343fb3a335d.jpg
АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Перизат Қайратқа қатысты істі қарау тәртібін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бүгін алдын ала тыңдау кезінде Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаева сот отырыстарына бұқаралық ақпарат құралдарын кіргізбеуге өтініш жасады.Судья бұл өтінішті ішінара қанағаттандырды. Сот отырыстары ашық өтеді. Бірақ бірқатар шектеу болады. Атап айтқанда, жеке мәліметтер, соның ішінде банк құпиясына жататын деректер ашық айтылмайды. Сондай-ақ Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаевадан алынған жауап көрсетілмейді.Перизат Қайраттың ісі бойынша негізгі сот отырысы 14 шілдеге белгіленді.Айта кетері, Перизат Қайрат көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырғаны үшін айыпталып отыр. Ол қайырымдылықтың негізгі бөлігіне қымбат сән бұйымдары мен жылжымайтын мүлік сатып алған. Күдікті алаяқтық жолмен 3,5 млрд теңгені жымқырған. Ал оның анасы ақшаны шығаруға көмектескен.
https://sputnik.kz/20250404/perizat-qayrat-milliard-tengeden-astam-qarazhatty-zheke-maqsatyna-zhumsagan-52193759.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/0d/49264745_105:0:705:450_1920x0_80_0_0_9a87cf3700fe3ea008fd15ee1a2b3565.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
перизат қайрат, сот отырысы
перизат қайрат, сот отырысы
Перизат Қайраттың соты ашық өте ме – сот қаулысы жарияланды
16:18 09.07.2025 (жаңартылды: 16:31 09.07.2025) Сот отырыстары ашық өтеді, бірақ бірқатар шектеу болады
АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Перизат Қайратқа қатысты істі қарау тәртібін жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Бүгін алдын ала тыңдау кезінде Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаева сот отырыстарына бұқаралық ақпарат құралдарын кіргізбеуге өтініш жасады.
Судья бұл өтінішті ішінара қанағаттандырды. Сот отырыстары ашық өтеді. Бірақ бірқатар шектеу болады. Атап айтқанда, жеке мәліметтер, соның ішінде банк құпиясына жататын деректер ашық айтылмайды. Сондай-ақ Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаевадан алынған жауап көрсетілмейді.
"БАҚ өкілдеріне сот процесіне қатысуға және айыпталушылардың фото және бейне бейнелерін түсіруге қарсы болған жағдайлардан басқа видео-фототүсірілім жасауға рұқсат берілді. Осыған орай, жәбірленушілердің құпия және банк құпиясын құрайтын мәліметтерін сақтау мақсатында айыпталушылардан жауап алу және осындай мәліметтерді қарау жабық сот отырысында өтетін болды", - делінген ресми хабарламада.
Перизат Қайраттың ісі бойынша негізгі сот отырысы 14 шілдеге белгіленді.
Айта кетері, Перизат Қайрат көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырғаны үшін айыпталып отыр. Ол қайырымдылықтың негізгі бөлігіне қымбат сән бұйымдары мен жылжымайтын мүлік сатып алған. Күдікті алаяқтық жолмен 3,5 млрд теңгені жымқырған. Ал оның анасы ақшаны шығаруға көмектескен.