МӘМС: Жамбыл облысында сақтандырылмаған тұрғындар саны 6 251 адамға азайды

© Sputnik / Владислав ВодневМедициналық сақтандыру
Медициналық сақтандыру - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2025
Жазылу
2025 жылдың алғашқы 5 айында Жамбыл облысында МӘМС жүйесіне түскен жарна мен аударым 12,5 млрд теңгені құрады
АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. МӘМС жүйесі енгізілгелі бері Жамбыл облысының тұрғындарына 208,7 млрд теңгенің медициналық қызметі көрсетілген, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" АҚ облыстық филиалының директоры Ғайни Аймағанбетова баяндама жасады.
2025 жылдың алғашқы 5 айында Жамбыл облысында МӘМС жүйесіне түскен жарна мен аударым 12,5 млрд теңгені құрады.
"МӘМС жүйесі енгізілгелі бері өңір тұрғындарына 208,7 млрд теңгенің медициналық қызметі көрсетілген. Биыл облыс халқын медициналық көмекпен қамтуға 127,7 млрд теңге бөлінсе, соның 62,9 млрд теңгесі МӘМС қоры есебінен қарастырылған", - деп жазылған хабарламада.
2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында сақтандырылмаған тұрғындар саны 6 251 адамға азайды. Яғни, жыл басында 231 921 адам болса, 1 шілдедегі мәлімет бойынша бұл көрсеткіш 225 670 адамға дейін төмендеген.
Осылайша Жамбыл облысы сақтандырылмаған тұрғындар саны ең көп азайған үш өңірдің қатарынан көрініп отыр.
Медицинское страхование - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2025
Депутат МӘМС қорының табысын жариялады
Жаңалықтар
0