Алматыда жатақханада 13 адамның өмірін қиған өртке қатысты сот үкімі шықты

© Sputnik/Ертай СарбасовПосле пожара в хостеле в Алматы
После пожара в хостеле в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2025
Жазылу
Кінәлі адамдар 5 және 4 жылға бас бостандығынан айырылды
АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Алматының Алмалы аудандық соты 13 адамның өмірін қиған жатақханадағы өртке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сот алдында ALA Hostel директоры Әділбек Мұхамедияров пен "Гидсервис" серіктестігінің меншік иесі Александр Пекельник жауап берді.
Тергеу органы Мұхамедияровты ҚР ҚК-нің 292-бабы 3-бөлігі – абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу бойынша айыптады.
Пекельник ҚР ҚК-нің 292-бабы 3-бөлігі бойынша жауапқа тартылды, алайда мемлекеттік айыптаушы сотта бапты ҚР ҚК-нің 306-бабы 3-бөлігіне (қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды өндіру немесе сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету) өзгерткен.
Пекельник меншік иесімен өрт дабылы жүйесін жеткізу, орнату және іске қосу-баптау жұмыстары бойынша келісімшарт жасасқан. Сотта ол нысанды өзі барып көрмегенін, орнату жұмыстарын оның атына тіркелген жеке кәсіпкерлікпен жұмыс істеген танысы О. жүргізгенін мойындады.
"Өрт дабылы жүйесін электр жабдықтарымен жұмыс істеуге рұқсаты мен біліктілігі жоқ адамдар орнатқан. Жұмыстар жобамен сәйкес келмеген, орнатудан кейін дабыл жүйесінің сызбасы рәсімделмеген. Бұл кәсіпкердің өз міндеттеріне формалды және жауапсыз қарағанын көрсетеді", - деп жазылған сот хабарламасында.
Мұхамедияров өрт қауіпсіздігі талаптары мен заңнамада көрсетілген тыйымдарға қарамастан, жертөле қабатында 48 орынға арналған 6 жатын бөлмеден тұратын орын жасаған. Сонымен қатар ол эвакуацияға арналған жалғыз шығу есігін құлыптап қойған, бұл адамдардың шұғыл эвакуациялану мүмкіндігін шектеген. Өртке дейін бес күн бұрын жертөле қабатының дәлізіне матрастар төселген, бұл өтетін жолды тарылтып, эвакуация жолында кедергі болған.
Жаза тағайындау кезінде сот мынадай жеңілдететін мән-жайларды ескерді:
Мұхамедияровтың ҚР ҚК-нің 292-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Пекельник ҚР ҚК-нің 306-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Айыпталушылардан жәбірленушілердің пайдасына моральдық зиян үшін 7 миллион теңге және материалдық шығын өтемақысы өндіріп алынды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, 2023 жылдың 30 қарашасында сағат 5:30 шамасында №15 бөлменің алдындағы жертөле дәлізінде ашық өрт болып, ол №15 бөлменің есігінің алдында қабырғаға сүйелген матрацтарға ауысқан. Салдарынан түтін дәлізде және бөлмелерде тез тараған. 67 тұрғын қашып үлгерген, алайда өрт ошағына жақын бөлмелерде болғандар көз жұмды.
Жаңалықтар
0