https://sputnik.kz/20250709/almaty-oblysy-akiminin-orynbasary-zhol-apatyna-tusti-55503588.html
Алматы облысы әкімінің орынбасары жол апатына түсті
Алматы облысы әкімінің орынбасары жол апатына түсті
Sputnik Қазақстан
Желіде Масабаевтың ауыр жарақат алғаны туралы мәлімет тарады 09.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-09T12:56+0500
2025-07-09T12:56+0500
2025-07-09T13:12+0500
әкім орынбасары
полиция
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/03/38990666_0:49:960:589_1920x0_80_0_0_ee12986cfc4917e6c4c7ff79b8a3067c.jpg
АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев жол апатына түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, жол апаты "Төңкеріс-Байсерке" тас жолында болған.Осы орайда тәртіп сақшылары тас жолдарда, әсіресе, түнгі уақытта барынша сақ болуға шақырды.Ал желіде Масабаевтың ауыр жарақат алғаны туралы мәлімет тарады. Оны шұғыл облыстық клиникалық ауруханаға жеткізген.Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы Масабаевтың жағдай тұрақты екенін хабарлады."Ол есін жиды. Медициналық көмек бекітілген хаттама бойынша көрсетіліп жатыр", - дейді мамандар.Айта кетері, Масабаев бұған дейін Алматы қаласында сан алуан лауазымдарды атқарды. Медеу ауданын да басқарды. Одан кейін Талдықорған қаласының әкімі болды. Ал 2025 жылдың басынан бері Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді.
https://sputnik.kz/20250705/qazaqstannyn-tailandtagy-elshisi-ministrdin-orynbasary-bolyp-tagayyndaldy-55391213.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/03/38990666_55:0:906:638_1920x0_80_0_0_6ae26cdc2640e6835a75a069a98d7e7a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әкім орынбасары, полиция
Алматы облысы әкімінің орынбасары жол апатына түсті
12:56 09.07.2025 (жаңартылды: 13:12 09.07.2025) Желіде Масабаевтың ауыр жарақат алғаны туралы мәлімет тарады
АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев жол апатына түсті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, жол апаты "Төңкеріс-Байсерке" тас жолында болған.
"Қазіргі кезде қылмыстық іс тіркелді. Тергеу шаралары атқаралып жатыр", - дейді полицейлер.
Осы орайда тәртіп сақшылары тас жолдарда, әсіресе, түнгі уақытта барынша сақ болуға шақырды.
Ал желіде Масабаевтың ауыр жарақат алғаны туралы мәлімет тарады. Оны шұғыл облыстық клиникалық ауруханаға жеткізген.
Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы Масабаевтың жағдай тұрақты екенін хабарлады.
"Ол есін жиды. Медициналық көмек бекітілген хаттама бойынша көрсетіліп жатыр", - дейді мамандар.
Айта кетері, Масабаев бұған дейін Алматы қаласында сан алуан лауазымдарды атқарды. Медеу ауданын да басқарды. Одан кейін Талдықорған қаласының әкімі болды. Ал 2025 жылдың басынан бері Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді.