Ұлттық банк балаларды "виртуалды таныстардан" қорғауға шақырды

© Sputnik / Табылды КадырбековДевочка с мобильным телефоном в руках сидит на лестничной площадке
Девочка с мобильным телефоном в руках сидит на лестничной площадке - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2025
Жазылу
Жасөспірімдерге бейтаныс адамдармен хат алмасуға, жеке мәліметтерді жіберуге болмайтынын ескерту қажет
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. Ұлттық банк балалар мен жасөспірімдерге қатысты интернет-алаяқтық көбейіп бара жатқанын ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан банктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Алаяқтар әлеуметтік инженерия әдістерін шебер пайдаланып, өздерін таныс адам, мемлекеттік органның немесе әртүрлі ұйымдардың қызметкері ретінде таныстырады. Одан кейін жеке және қаржылық ақпаратты алуға тырысады. "Виртуалды таныстардың" негізгі мақсаты – пайда табу, дерек ұрлау немесе зиянды контент тарату.
"Алаяқтықтың кең тараған тәсілдеріне фишинг пен спуфинг жатады. Оны парольдерді, банк картасының деректерін және басқа да құпия мәліметтерді ұрлау мақсатында жалған сайттар мен мобильді қосымшаларға сілтеме жіберу арқылы жасайды. Осындай қауіптердің алдын алу мақсатында ұлттық банк ата-аналар мен педагогтерді балаларға кибергигиена негіздерін және интернетті қауіпсіз пайдалану ережелерін үйретуге шақырады", - дейді банк мамандары.
Баланың мобильді құрылғысына "ата-ана бақылауы" функциясын, антивирус бағдарламасын және браузердің қауіпсіз режимін орнатып қойған дұрыс. Сондай-ақ балалардың онлайн саудасын және қаржымен байланысы бар әрекеттерін бақылап, қос факторлы аутентификацияны іске қосу керек.
"Жасөспірімдерге бейтаныс адамдармен хат алмасуға, жеке мәліметтер мен фотосуреттерді бөгде адамдарға жіберуге, ата-анасының келісімінсіз онлайн-сауда жүргізуге болмайтынын, сондай-ақ тек ресми сайттар мен қосымшаларды пайдалану керек екенін ескерту қажет", - делінген банк мәлімдемесінде.
Архивное фото пожилой женщины - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2025
"Алаяқтық жасаған": Семей полициясы 76 жастағы зейнеткерді ұстады
Жаңалықтар
0