https://sputnik.kz/20250708/sauda-ministrligi-aqsh-tyn-zhana-tarifine-qatysty-malimdeme-zhasady-55479335.html
Сауда министрлігі АҚШ-тың жаңа тарифіне қатысты мәлімдеме жасады
Сауда министрлігі АҚШ-тың жаңа тарифіне қатысты мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
Қабылданған шаралар Қазақстан экспортының шамамен 95 пайызына әсер етпейді 08.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-08T16:08+0500
2025-07-08T16:08+0500
2025-07-08T16:08+0500
ақш
сауда соғысы
https://sputnik.kz/img/old/941/28/9412804_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_a04dfa786d269074422716877a82a86e.jpg
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. Сауда және итеграция министрлігі АҚШ-тың Қазақстан тауарларына енгізген жаңа тарифіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Қазақстандық тауарларға болжамды сауда режимін сақтау мақсатында Қазақстан үкіметі АҚШ әкімшілігіне өзара сауда шарттарын жақсарту жөніндегі нақты шаралар мен бастамаларды жолдады.Айта кетері, Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2024 жылы 4,2 млрд АҚШ долларын құрады, бұл оның алдыңғы жылмен салыстырғанда 4%-ға жоғары (4,1 млрд АҚШ).Қазақстаннан АҚШ-қа экспорттың негізгі тауарлары: шикімұнай - 1,1 млрд. АҚШ долл (үлесі 56,2%), уран - 322,9 млн АҚШ доллары(16,4%), күміс - 239,9 млн АҚШ доллары (12,2%), ферроқорытпалар - 188,2 млн АҚШ доллары (9,5%), тантал және одан жасалған бұйымдар - 17,6 млн АҚШ (0,89%)және басқалар.Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2025 жылғы қаңтар-мамырда 1 265,8 млн АҚШ долларын құрады.2025 жылғы қаңтар–мамырда Қазақстан АҚШ-қа 418,2 млн доллардың тауарын экспорттадыы.Еске сала кетейік, 2025 жылдың 7 шілдесінде АҚШ президентінен биылғы жылдың 1 тамыздан бастап бірқатар елге, оның ішінде Қазақстанға қатысты жаңа импорттық баждар енгізілетіні туралы ресми хабарлама келіп түсті. Қазақстаннан АҚШ-қа экспортталатын өнімдер үшін жеткізілімдердің барлық көлеміне 25 пайыздық бірыңғай мөлшерлеме белгіленген.
https://sputnik.kz/20250708/tramp-1-tamyzdan-bastap-qazaqstannan-keletin-tauarlarga-bazh-salygyn-engizetinin-malimdedi-55459628.html
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/941/28/9412804_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_35dd799534cc45df0167218b929b6c47.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш, сауда соғысы
Сауда министрлігі АҚШ-тың жаңа тарифіне қатысты мәлімдеме жасады
Қабылданған шаралар Қазақстан экспортының шамамен 95 пайызына әсер етпейді
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. Сауда және итеграция министрлігі АҚШ-тың Қазақстан тауарларына енгізген жаңа тарифіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қазақстандық экспорттың басым бөлігі — мұнай, уран, күміс, ферроқорытпа, тантал және титан сияқты негізгі шикізат пен стратегиялық тауарлар. Олар жаңа тарифтерден босатылуына байланысты жаңа баж салығынсыз әрі қарай жеткізіле береді. Қабылданған шаралар Қазақстан экспортының шамамен 95 пайызына әсер етпейді", - деп түсіндірді министрлік.
Қазақстандық тауарларға болжамды сауда режимін сақтау мақсатында Қазақстан үкіметі АҚШ әкімшілігіне өзара сауда шарттарын жақсарту жөніндегі нақты шаралар мен бастамаларды жолдады.
"Қазақстанның мақсаты — нарыққа қол жеткізу және сауда шарттары мәселелері бойынша келісілген шешімдер қабылдау. Қазіргі уақытта Америка тарабы Қазақстанның ұсынысын қарастыруда және келіссөздерді өткізу күні туралы хабарлайды", - деп толықтырды ведомство.
Айта кетері, Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2024 жылы 4,2 млрд АҚШ долларын құрады, бұл оның алдыңғы жылмен салыстырғанда 4%-ға жоғары (4,1 млрд АҚШ).
Қазақстаннан АҚШ-қа экспорттың негізгі тауарлары: шикімұнай - 1,1 млрд. АҚШ долл (үлесі 56,2%), уран - 322,9 млн АҚШ доллары
(16,4%), күміс - 239,9 млн АҚШ доллары (12,2%), ферроқорытпалар - 188,2 млн АҚШ доллары (9,5%), тантал және одан жасалған бұйымдар - 17,6 млн АҚШ (0,89%)және басқалар.
Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2025 жылғы қаңтар-мамырда 1 265,8 млн АҚШ долларын құрады.
2025 жылғы қаңтар–мамырда Қазақстан АҚШ-қа 418,2 млн доллардың тауарын экспорттадыы.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың 7 шілдесінде АҚШ президентінен биылғы жылдың 1 тамыздан бастап бірқатар елге, оның ішінде Қазақстанға қатысты жаңа импорттық баждар енгізілетіні туралы ресми хабарлама келіп түсті. Қазақстаннан АҚШ-қа экспортталатын өнімдер үшін жеткізілімдердің барлық көлеміне 25 пайыздық бірыңғай мөлшерлеме белгіленген.