https://sputnik.kz/20250708/qazaqstan-qurgaq-port-zhobasyna-qyzygushylyq-tanytyp-otyr--dauren-abaev-55482716.html
Қазақстан "Құрғақ порт" жобасына қызығушылық танытып отыр – Дәурен Абаев
Қазақстан "Құрғақ порт" жобасына қызығушылық танытып отыр – Дәурен Абаев
Sputnik Қазақстан
Ресейлік жоба Транссібір темір жолын Қытаймен және Каспий теңізімен байланыстырады 08.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-08T21:06+0500
2025-07-08T21:06+0500
2025-07-08T21:06+0500
иннопром
дәурен абаев
https://sputnik.kz/img/07e9/07/04/55354387_0:25:1046:613_1920x0_80_0_0_f326d5cf412a82874a815b5527b3bb06.jpg
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев "Коммерсантъ" басылымына берген сұхбатында елдер арасындағы екіжақты экономикалық қарым-қатынастың дамуы туралы айтты.Ресей экономикамыздағы жетекші инвесторлардың бестігіне кіреді, деді Абаев. 2024 жылы ресейлік компаниялар 4 миллиард доллардан астам инвестиция салды. Ал Қазақстанның Ресейге салған инвестициясы шамамен 8,7 млрд долларды құрады.2005-2024 жылдар аралығында 26 млрд доллар инвестиция салынды."Құрғақ порт" ауқымды инфрақұрылымдық жобасына Қазақстан да қызығушылық танытып отыр, деді Абаев."Құрғақ порт" - Ресейдегі ең ірі көлік-логистикалық орталықтардың бірі. Оны Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде жүзеге асыру Солтүстік ендік өткелін және Транссібір темір жолын Батыс Қытаймен және Каспий теңізімен қосуға мүмкіндік береді.Сондай-ақ елші 7-10 шілде аралығында Ресейде өтіп жатқан халықаралық "Иннопром" шарасына Қазақстанның қатысуы туралы айтты."Соңғы екі жылда көрмеге 500-ден астам қазақстандық компания мен 2000 делегат қатысты. Иннопром-2024 қорытындысы бойынша құны 10 миллиард рубльден асатын 20 коммерциялық құжатқа қол қойылды", - деді Абаев.2025 жылы қазақстандық делегацияны премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр басқарып барды. Экспозицияда келесідей кәсіпорындар көрсетіледі:Жаңа бастамалар екі елдің экономикасының дамуын ынталандырып қана қоймай, халықаралық байланыстарды нығайтып, болашаққа жақсы серпін береді, деп түйіндеді Абаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/04/55354387_43:0:1003:720_1920x0_80_0_0_8937a6a0ffba3b5b6a3fccae70d25b9b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
иннопром, дәурен абаев
Қазақстан "Құрғақ порт" жобасына қызығушылық танытып отыр – Дәурен Абаев
Ресейлік жоба Транссібір темір жолын Қытаймен және Каспий теңізімен байланыстырады
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев "Коммерсантъ" басылымына берген сұхбатында елдер арасындағы екіжақты экономикалық қарым-қатынастың дамуы туралы айтты.
Ресей экономикамыздағы жетекші инвесторлардың бестігіне кіреді, деді Абаев. 2024 жылы ресейлік компаниялар 4 миллиард доллардан астам инвестиция салды. Ал Қазақстанның Ресейге салған инвестициясы шамамен 8,7 млрд долларды құрады.
2005-2024 жылдар аралығында 26 млрд доллар инвестиция салынды.
"Бүгінде Қазақстанда Ресейдің қатысуымен 28 мыңнан астам компания жұмыс істейді, оның 4 мыңға жуығы өткен жылы ашылды. Мұндай динамика өнеркәсіптік кооперациядағы оң үрдістердің арқасында мүмкін болды, оның аясында 48,2 миллиард долларды құрайтын 171 бірлескен жоба және 44 мың жаңа жұмыс орны ашылды", - деді елші.
"Құрғақ порт" ауқымды инфрақұрылымдық жобасына Қазақстан да қызығушылық танытып отыр, деді Абаев.
"Құрғақ порт" - Ресейдегі ең ірі көлік-логистикалық орталықтардың бірі. Оны Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде жүзеге асыру Солтүстік ендік өткелін және Транссібір темір жолын Батыс Қытаймен және Каспий теңізімен қосуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ елші 7-10 шілде аралығында Ресейде өтіп жатқан халықаралық "Иннопром" шарасына Қазақстанның қатысуы туралы айтты.
"Соңғы екі жылда көрмеге 500-ден астам қазақстандық компания мен 2000 делегат қатысты. Иннопром-2024 қорытындысы бойынша құны 10 миллиард рубльден асатын 20 коммерциялық құжатқа қол қойылды", - деді Абаев.
2025 жылы қазақстандық делегацияны премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр басқарып барды. Экспозицияда келесідей кәсіпорындар көрсетіледі:
Қарағанды құю және машина жасау зауыты;
Сондай-ақ Orda Glass ltd және т.б.
Жаңа бастамалар екі елдің экономикасының дамуын ынталандырып қана қоймай, халықаралық байланыстарды нығайтып, болашаққа жақсы серпін береді, деп түйіндеді Абаев.