Қазақстан арзан азық-түлік бағасы бойынша ЕАЭО-да жетекші орынға ие

© Pixabay / pasja1000Қант-рафинад
Қант-рафинад - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2025
Жазылу
Қазақстанда тауық жұмыртқасы, ұн, нан, күнбағыс майы, тұз, күріш, картоп, қырыққабат, пияз, сәбіз ең төмен баға тіркелген
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. Қазақстан ЕАЭО елдері арасында әлеуметтік азық-түліктерге ең қолжетімді бағаға ие, деп хабарлады үкімет.
Бұл туралы үкіметтегі бірінші жартыжылдықтағы инфляция қорытындысы бойынша жиында айтылды.
Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, Қазақстан ЕАЭО елдері арасында азық-түліктің қолжетімділігі бойынша жетекші орынды сақтап отыр.
"ЕАЭО елдеріндегі әлеуметтік маңызға ие азық-түлік тауарларының нарықтық бағасын салыстырмалы талдау олардың Қазақстанда анағұрлым қолжетімді екенін көрсетті. Атап айтқанда, Қазақстанда тауық жұмыртқасы, ұн, нан, күнбағыс майы, тұз, күріш, картоп, қырыққабат, пияз, сәбіз ең төмен баға тіркелген", - деп жазылған хабарламада.
Төрт позиция - қарақұмық, қант, сиыр еті және сүт бойынша Қазақстандағы бағалар Беларусьтегі бағаға жақын. Сары май бойынша еліміз Беларусь пен Қырғызстаннан кейін үшінші орында, ал құс еті бойынша Беларусь пен Ресейден кейін тұр.
Газ құю станциясы - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2025
Сұйытылған газ бағасы сақталады - министрлік бұйрық шығарды
Жаңалықтар
0