https://sputnik.kz/20250708/pentagon-ukrainaga-qosymsha-qaru-zhiberetinin-rastady-55472563.html
Пентагон Украинаға қосымша қару жіберетінін растады
Пентагон Украинаға қосымша қару жіберетінін растады
Sputnik Қазақстан
Жеткізілімдер осы аптада және келесі аптада Италия мен Украинада екі ел шенеуніктерінің кездесулерінен кейін қайта басталуы мүмкін 08.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-08T14:23+0500
2025-07-08T14:23+0500
2025-07-08T14:23+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e4/08/01/14609091_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_167fa542d337c6ed4a143b1ff0e5859c.jpg
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. Пентагон өкілі Шон Парнеллдің мәлімдемесіне қарағанда, Вашингтон Киевке қару-жарақ жеткізуді қайта бастайды, деп хабарлады РИА Новости.Politico хабарлауынша, жеткізілімдер осы аптада және келесі аптада Италия мен Украинада екі ел шенеуніктерінің кездесулерінен кейін қайта басталуы мүмкін.Сейсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп Киевке көбірек қару, бірінші кезекте қорғаныс қаруын беруге уәде берді. Сонымен бірге, Wall Street Journal басылымының хабарлауынша, ол мүмкіндігінше әскери көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.Шілде айының басында америкалық қорлардың таусылуына байланысты Украинаға оқ-дәрілер мен қару-жарақ жеткізу тоқтатылғаны хабарланған болатын. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Анна Келли бұл ақпаратты растап, шешімнің АҚШ мүдделерінің маңыздылығына негізделгенін айтты.Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украина қарулы күштері неғұрлым аз қару-жарақпен қамтамасыз етілсе, арнайы операцияның аяқталуы соғұрлым жақын болатынын хабарлады.
https://sputnik.kz/20250705/tramp-ukrainadagy-zhagdaydyn-sheshimin-tapqysy-keletinin-aytty-55412107.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/08/01/14609091_238:0:1678:1080_1920x0_80_0_0_94faf606de9b1c7c44d9f90a36cb0195.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Пентагон Украинаға қосымша қару жіберетінін растады
Жеткізілімдер осы аптада және келесі аптада Италия мен Украинада екі ел шенеуніктерінің кездесулерінен кейін қайта басталуы мүмкін
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. Пентагон өкілі Шон Парнеллдің мәлімдемесіне қарағанда, Вашингтон Киевке қару-жарақ жеткізуді қайта бастайды, деп хабарлады
РИА Новости.
"Президент Трамптың нұсқауы бойынша қорғаныс министрлігі Украинаға қосымша қорғаныс қаруларын жіберіп жатыр, осылайша украиналықтар біз тұрақты бейбітшілік орнатуға тырысып жатқанда өздерін қорғай алады", - делінген ведомствоның сайтында.
Politico хабарлауынша, жеткізілімдер осы аптада және келесі аптада Италия мен Украинада екі ел шенеуніктерінің кездесулерінен кейін қайта басталуы мүмкін.
Сейсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп Киевке көбірек қару, бірінші кезекте қорғаныс қаруын беруге уәде берді. Сонымен бірге, Wall Street Journal басылымының хабарлауынша, ол мүмкіндігінше әскери көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.
Шілде айының басында америкалық қорлардың таусылуына байланысты Украинаға оқ-дәрілер мен қару-жарақ жеткізу тоқтатылғаны хабарланған болатын. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Анна Келли бұл ақпаратты растап, шешімнің АҚШ мүдделерінің маңыздылығына негізделгенін айтты.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украина қарулы күштері неғұрлым аз қару-жарақпен қамтамасыз етілсе, арнайы операцияның аяқталуы соғұрлым жақын болатынын хабарлады.